АУЫЛ МЕШІТТЕРІНЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ОҚУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Басты жаңалық ауылдық жерлерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді. Бірақ адам саны 150-ден аспауы қажет. Ал басқа мешіттерде жұма намазынан басқа ұжымдық құлшылық етуге болады. Мешіттің толымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы асхана қызметіне рұқсат берілді.
- Білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда кезекші сыныптарда оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді. Басты талап - тамақтану орнында келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс. Арақашықтық, бетперде талап етіледі, - деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.
Қазір облыс «жасыл» аймақта. Карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілуде. Арнайы құрылған мониторингтік топ карантин талаптарын бақылауды жалғастыра береді.