Ақпанда екпе егіледі
Өткен жылы өкпеден қысқан коронавирус індеті әлем елдерін әлекке салғаны мағлұм. Аты жаман індет әп-сәтте Қазақстанның ауыл-ауылдарына дейін тарап үлгерген еді. Елдің үрейін туғызып, төрт қабырғаға қамаған жұқпалы дерттің дауасын табуға тырысып бағуда. Тышқан жылының соңында тынышталған пандемияның қайта өршіп кетпеуі үшін екпе салдыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпан айынан бастап Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы екпе салу жұмыстары жүргізіледі. Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 80 мың дозасы кезең-кезеңімен әкелінеді. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.
Ақпан айынан бастап Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы екпе салу жұмыстары жүргізіледі. Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 80 мың дозасы кезең-кезеңімен әкелінеді. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.
– Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 154 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 64 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды. Вакцина бір адамға екі мәрте салынады. Яғни бірінші екпе қабылданғаннан кейін 21 күннен кейін қайта егіледі, – деді.
Айта кетейік Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3544-ке жетті. Кешегі дерекке сүйенсек 9 жағдай тіркелген. Ал індеттен айыққандар саны – 3423. Қазіргі таңда инфекционарлық стационарда 38, ал стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас ем алуда. Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау мақсатында 30 карантиндік төсек орындары ұйымдастырылды. Ахуал күрделенген жағдайда, облыста барлығы қала және аудандарды қосқанда 3200 төсек-орын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайтын модульдік аурухана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілу үшін құжаттары рәсімделуде. Бүгінгі күні облыста 251 өкпені жасанды желдету аппараты, 682 оттегі концентраторы, 518 оттегімен қамтамасыз етілген төсек-орындар жұмыс жасауға дайын. Сондай-ақ өңірде көп бейінді облыстық ауруханасы мен Қазалы ауданында 2 оттегі станциясы орнатылғаны айтылды брифинг барысында. Сондықтан әлі де арқаны кеңге салуға болмайды. Жұқпалы аурудан сақтану, бетперде тағу сынды сақтық шараларын сақтауды ұмытпағанымыз абзал. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте: «Егу жұмыстарына көпшілік үркей қарайтыны түсінікті. Өйткені, мұндай вирус бұрын болған жоқ. Аты жаман аурулардың басқа түрлері болды. Оларға қарсы екпе егудің арқасында кең тарауына жол берген жоқпыз. Сондықтан түсіністікпен қараған жөн. Тағы бір ескертетіні вакцина жалпылама салынбайды. Оның өзінде ерікті түрде жүзеге асырылады. Ешкімді мәжбүрлеп, күштемейді» – деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Облыс бойынша тіркелген деректердің басым бөлігі, яғни 61,6%-і (2131) Қызылорда қаласының үлесінде екен. Ал, аудандар бойынша Аралда – 107 жағдай, Қазалыда – 96, Қармақшыда – 162, Жалағашта – 115, Сырдарияда – 186, Шиеліде – 291, Жаңақорғанда – 374 жағдай есепке алынған. Коронавирустық инфекция бойынша барлық тіркелген жағдайлардың 2,4%-і сырттан тасымалданған, 57,7%-і скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған болса, 39,9%-і қарым-қатынас арқылы жұқтырылған жағдайлар болып есепке алынған. Коронавирус инфекциясы облыс көлемінде айлық нәрестеден бастап 99 жас аралығындағы азаматтар арасында анықталған. Соның ішінде жоғарғы көрсеткіш 20 жастан 69 жас аралығында байқалған.
– Сондай-ақ облыста вирустық этиологиядағы пневмония ауруының 310 жағдайы есепке алынды. Оның ішінде 7 жағдай ағымдағы жылдың қаңтар айында тіркеліп отыр. Оқушылар арасындағы коронавирустық инфекцияның эпидахуалы туралы айтатын болсақ, облыс бойынша 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін 26 оқушы COVID-19 ауруына шалдыққан, оның ішінде 2 оқушы дәстүрлі форматта оқыса, қалған 24 оқушы қашықтан білім алады. Қаңтардың 11-інде үшінші оқу тоқсаны басталды. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 05 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптарда 15 баладан асырмай, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат берілді. Сонымен қатар оқу бітіретін сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға, яғни пәндердің 70%-ін штаттық режимде, 30%-ін қашықтан оқытуға рұқсат берілді, – деді брифинг барысында Д.Жаңабергенова.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ