Облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы жаңа қаулы шығарды
Бүгінгі күні Қызылорда облысы коронавирусық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы, ауру көрсеткіштері бойынша «жасыл» аймақта. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №5 қаулысын басшылыққа ала отырып,облыста бірқатар шектеу шараларын жеңілдететін жаңа Қаулы қабылданды.
Бұл жаңа Қаулыда діни объектілер мен білім беру нысандарындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына қатысты өзгерістер белгіленген. Егер бұған дейін «жасыл» аймақтағылар үшін барлық діни объектілерде жұма намазын оқуға шектеулер қойылған болса, енді сыйымдылығы 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-тен аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріліп отыр. Ал басқа мешіттерде бұрынғыдай жұма намазынан басқа ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген. Бұл ретте мешіттердің толымдылығы 30%-ке дейін, бірақ 100 адамнан аспауы тиіс.
Екінші өзгеріс-білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне қатысты.Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №67 Қаулысының 46-қосымшасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың және 2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген толықтырулардың талаптарына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын толтыру шартымен білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етіліп отыр.
Облысымыздың «жасыл» аймақта болуы ескеріліп, карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетіленімен халыққа қызмет көрсету, қоғамдық орындардағы, кәсіпкерлік нысандардағы карантин талаптарының сақталуы мониторинг топтардың бақылауында болады. Карантин талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұлдар салынады, жүйелі түрде бұзушылықтар анықталған жағдайда сот тәртібімен қызметі тоқтатылуы мүмкін. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін 831 нысан мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен қамтылып, 31 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Қаулы талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаларға 3 миллионға жуық теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Сондықтан босаңсуға негіз жоқ. Сақтық шаралары коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендетеді. Қоғамдық орындарда, азаматтар көп шоғырланатын жерлерде міндетті түрде бетперде тағып, қарапайым гигиеналық нормаларға жіті мән беріп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын.

Жаңабергенова Динара Олжабайқызы - Облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің басшысы