Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ІЛКІМДІ ІСТЕР ЛЕГІ

ІЛКІМДІ ІСТЕР ЛЕГІ

Шиелі – құт-берекесі дарыған, ырыс-баққа жарыған, елі шырайлы, жері шырайлы қасиетті мекен. Шыққан күннің шапағындай шуақты ауданның қуатты экономикасы халыққа қашан да қуаныш сыйлаған. Өндірісі өркен жайып, көкжиегі кеңейіп келе жатқан өңірде тілге тиек етер толымды істер жетерлік. Олай болса, ілкімді істердің нәтижесін сөз етейік.
ЖАҢА КӨПІРДІҢ ИГІЛІГІ МОЛ
Сенбі күні аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Самара-Шымкент-Кодаманов» аудандық маңызы бар автомобиль жолының К-3 коллекторындағы көпірді күрделі жөндеу» құрылысымен танысып, Ш.Қодаманов ауыл тұрғындарымен кездесті. Көпірдің құрылысы үшін облыстық бюджеттен 311 216,0 мың теңге қаралған. Бас мердігер – «Жылу – ХХІ» ЖШС. – Ауыл тұрғындармен есепті кездесулерде осы көпірді салу мәселесі жиі айтылып еді. Міне, халықтың сұраныстары, өтініштері қолдау тапты. Көпір құрылысы өткен жылы басталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігін көруде – деді А.Насриддинұлы. Ауыл ардагерлері жаңа көпірдің жұмысына оң баға беріп, аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді. – Біздің ауыл үшін жаңа жыл жақсы жаңалығымен басталды. Өйткені, бүгін үлкен қуанышты күн, көптен күткен жаңа көпір қолданысқа берілді. Бұл көпірді көктем айында бастады. Биыл судың көптігіне байланысты тамыз айында 1 ай мерзімге құрылыс жұмыстары тоқтаған еді. Сол себептен ауыл тұрғындары кентке айналма жолмен қатынауға тура келді. Біздің тарапымыздан «Р-10» каналына су тартатын насос қойылып, судың азаюына мүмкіндік туғыздық. «Ештен кеш жақсы» дегендей уақытылы суға тосқауыл бола білдік. Көпір соғушы құрылысшыларға ауыл тұрғындарының атынан ризашылығымызды білдіреміз. Көпірге жауапты мердігер мекемесі ауылдағы әлеуметтік төмен отбасыларға және су тартатын насостың май суы, шамына қаржылай көмек жасады. Алғысымыз шексіз, – деді «Тұран» ауылдық округі, Ш.Қодаманов ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бодыбай Құлахметов. Р а с ы н д а , ж а ң а к ө п і р а у ы л тұрғындарына лайықты тарту болды. Осындай жақсы көңіл-күймен аудан әкімі бастаған бір топ өкілі 22 бекет елді мекеніне қарай бет алды.
22 БЕКЕТ ЕЛДІ МЕКЕНІ: «КӨГІЛДІР ОТЫН» ҚУАНЫШЫ
Газ келді, тіршілікке жан кірді. Аудан басшысының қатысуымен Бәйтерек ауылдық округі 22 бекет елді мекенін газ желісіне қосу рәсімі өтті. Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттары, аудан ардагерлері, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. 
– Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды «көгілдір отынмен» қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – деп атап өткен болатын. Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар қолға алынды әрі байыпты бастамалар іске асып халық игілігіне айналды. Өткен жылдың қорытындысымен өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарға орнықты. Аймақ басшысының қолдауымен Бәйтерек ауылдық округінің 22 бекет елді мекеніне өткен жылы бюджет есебінен қаржы бөлініп, бүгінде табиғи газ пайдалануға берілгелі отыр. Газ желісінің ұзындығы 1,4 шақырым, 2 дана шкафы газ реттегіш пункті орналастырылған. Орамішілік газ тарату желісінің құрылыс жұмыстарын бас мердігер – «РИЯ Сервис» ЖШС, – деді аудан әкімі. Сондай-ақ рәсімде ауылдың өсіпөркендеуі жолында қажырлы қызмет еткен сала мамандары мен ардагерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Газ қосу рәсімінен кейін аудан әкімі ауылдың тұрғындарымен кездесіп, атқарылған істер, алдағы мақсат-міндеттер туралы айтты. Инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға, ауыл тұрғындарына ұсынылатын мүмкіндіктерге тоқталды. Кездесуге келушілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. – Біз табиғи газ жүргізілгеніне қуаныштымыз. Енді бұрынғыдай көмір жағып, күл шығармаймыз. Сонымен қатар үйді газбен жылыту әр қыс сайын сатып алатын көмірге қарағанда әлдеқайда тиімді болады. 22 бекет тұрғындары дән риза. Бұл біздің көп жылғы арманымыз еді, – деді ауыл тұрғыны Гүлмира Сыздықова. Осылайша қос ауылдағы ілкімді істер ілегі тәмам. Шынында, өңірдің өркендеуі үшін іс пен сөздің үйлесімі артып, тиімділігі табысты болуы қажет.
Айнұр ИБРАШ,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ
21 қаңтар 2025 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031