Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің агроөнеркәсіп саласына озық технологиялар енгізіледі

Еліміздің агроөнеркәсіп саласына озық технологиялар енгізіледі



Еліміздің 9 шаруа қожалығы әлемдік агроөнеркәсіп саласында кеңінен қолданылатын озық технологияларды игеру мүмкіндігіне ие болды. Олар жаз бойы тәжірибе жинақтап, біліктілігін отандық өндіріске енгізеді. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев хабарлады. «Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы» жобасы шеңберінде өткен алғашқы форумға екі елдің ғалымдары мен кәсіпкерлері қатысты. Олар ауыл шаруашылығын цифрландыру, егіншілікке дәлме-дәл технологияларды енгізу, «ақылды ферма» мен жасанды интеллект құру және деректер базасын жүйелеу әдістері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ ұйымдастырылған шағын көрме барысында қатысушылардың назарына ғарыштық мониторинг, ветеринарлық зертхана, «СмаксТэк» ақылды сүт фермасы, «Агро-Оптим» ақпараттық-талдау жүйесі сияқты жобалар ұсынылды. Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры: - Картограмманы қарасақ, біздің топырақтардың ең үздік шаруашылықтардың өздерінде 77 пайызында алқаптардың азот жетіспейді. 88 пайызында фосфор жетіспейді. Алқаптардың жартысына ең төмен деңгейде қарашірік гунус керек. Міне негізгі себептердің біздің неге өнім көтерілмейді, неге Қазақстан бидайының сапасы жылда түседі, осыған байланысты.

24.kz
31 мамыр 2018 ж. 918 0