Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сандық технология агросалаға серпін бермек

Сандық технология агросалаға серпін бермек



Қазақстан үшін экономиканы көтеруде аграрлық саланың орны бөлек екені рас. Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында әдеттегідей, аграрлық мәселені назардан тыс қалдырмады. Яғни, еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды екенін жеткізді. Осы орайда, Шиелі индустриялы-аграрлық колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бақтияр Дайрақұловпен әңгіме өрбіткен болатынбыз.
– Мемлекет басшысы озық отыздыққа ену үшін алдымызға нақты бағыт-бағдар берді. Оның ішінде аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда екенін білесіз. Бүгінгі таңда колледж қабырғасында бұл салаға қанша маман даярлануда?
– Жалпы, оқу ордасында 480 студент білім алуда. Оның ішінде 93 бала ауылшаруашылық саласы бойынша мамандандырылуда. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев осы Жолдауында адами капитал, білім мәселесіне де мән берген. Яғни, білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін баса айтады. Әлемдік зерттеулерге назар аударар болсақ, мамандар экономикалық өсудің тек 16 пайызына физикалық капитал, 20 пайызына табиғи, 64 пайызына адами капитал септігін тигізетінін есептеп шығарған екен. Нақтырақ айтар болсақ, білім ғылым мен тәжірибенің рөлі басым деуге болады. Бұлардың бәрі адамға іздену, талаптану арқылы келеді. Сондықтан, біз ұл-қыздарымыздың алаңсыз білім алуына жағдай жасауға тиіспіз.
– Болашақта бүкіл саланы цифр­ландыру қолға алынбақ. Ал, осы колледжден жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысатын білікті кадрлар шыға ма? Сондай-ақ, жаңа технологиямен жұмыс жасап, іс-тәжірибеден өту барысы қалай?
– Иә, қазіргі уақытта заманауи ақпараттық-технологиялардың мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы – цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Озық отыз елдің қатарына ену жолында цифрлық экожүйені дамыту арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға болады. Біздің алдымызда «агроөнеркәсіп кешенін қайтсек қарқынды дамытамыз?» – деген сауал тұрады. Осы мақсатта заманауи технологияларды меңгеру тәсілдерін үйрету үшін 15 инженер-педагог Беларусь Республикасының Минск қаласында тәжірибе алмасып қайтқан болатын. Бүгінгі таңда студенттермен тығыз жұмыс жасауда. Жаңа технологияларға да қолымыз жетіп келеді. Теория жүзінде алған білімдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыруы үшін өндірістік тәжірибе уақытында көктем, күз мезгілдеріне алмастырдық. Ауылшаруашылығы саласында білім алатын шәкірттердің егін егу және жинау науқандарына қатысуын назардан тыс қалдырмаймыз. Сондай-ақ, аудан бойынша барлық шаруа қожалықтармен келісім-шарт орнатып, сол жерлерде білім алушылардың іс-тәжірибеден өтуіне жағдай жасалынған.
– Аграрлық білім ордалары диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс деген Елбасы тапсырмасын Жолдаудан оқып білген боларсыз. Бүгінгі таңда ауылшаруашылық саласына яғни, егін егу технологиясын игеру бағыты бойынша білім бересіздер ме?
– Мемлекет басшысының алға қойған 10 мақсаттарының бірі осы агроөнеркәсіп саласын дамыту. Яғни, тек егін егу ісімен айналысып қана қоймай, оны экспортқа шығаруды қолға алуымыз қажет. Ол үшін жаңа технологияны толығымен игеріп, өнім көлемін арттыру керек. Жоғарыда айтып өткенімдей, сабақты тек теория жүзінде өткізу тиімсіз. Ізденуші қолымен ұстап, көзімен көрген дүниені есінде жақсы сақтайды. Сондықтан, оқу ғимаратының жанынан жылыжай салғанды жөн көрдік. Ал, оның негізгі мақсаты ауылшаруашылығы саласында білім алатын студенттердің білімін ұштай түсу. Жылыжай ішіндегі қияр, қызанақ сынды көкөністерді осы жердегі болашақ мамандар өсіруде. Мәселен, тамшылатып суару сынды технологияны осы жылыжайда қолданып, үйретіп жатыр.
– Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білікті мамандардың тапшылығы айтылады. Бұл дегеніміз6 оқу ордаларының білім сапасының төмендігінен бе әлде білім алушылардың аздығы ма?
– Білім ордаларындағы көптеген технологиялардың тозығы жеткен. Сондықтан, білім сапасын жаңартқан сайын техниканы да жаңалап отырған абзал. Бүгінгі таңда ғимаратымыз күрделі жөндеуден өтіп, интерактивті тақта, зертхана, компьютер сынды дүниелермен жабдықталып, заманауи технологияға бейімделіп келеміз. Алдағы уақытта бұл салада мамандар тапшылығы болмайды деген сенімдеміз. Сондай-ақ, осы мамандықтарға балалардың қызығушылығын арттыру жетіспейтін сыңайлы.
– Әсерлі әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан
Гүлнәр Дүйсебай.
14 ақпан 2018 ж. 1 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930