МАЙТАЛМАНДАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
Ауданымыз дамып барлық сала бойынша өркендеп келе жатыр. Соның айғағы ретінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өткен аптадағы өңірге сапары кезінде Бестам, Телікөл, Ортақшыл ауылдарында әлеуметтік нысандардың лентасын қиып, Ортақшыл ауылы тұрғындарына көгілдір отынды сыйға тартты. Ең кереметі «Көкшоқы» елді мекенінде «Руханият орталығын» ашып, аудан халқын қуанышқа кенелтті. Осы жиында облыс әкімі ауданның бірнеше азаматына марапат жасады. Соның ішінде біздің әріптесіміз ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қызылорда облысының құрметті ардагері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаилдың болғанын мақтаныш санаймыз.
Суретте аймақ басшысы Н.Машбекұлының Ө.Әзімханұлына Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты мен «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін табыстау сәті.
Жетпіс бестің желкенін тартып, қарбалас тіршілікте қаламынан сыр шертіп, жүрегінен жыр төгілген әріптесімізге шығармашылық шалқар шабыт, қажымас қайрат тілейміз.
Айта кетейік, дәл осындай марапат аудандағы ірі шаруа қожалық иелері Дәулет Жұмбеков, Бағлан Әшірбеков және Сейітжановтар отбасына, білім саласының ардагері Рахым Мауияевқа табысталды.
«Өскен өңір» ақпарат