Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРТІПТІ САҚТАУ – АДАМ ЕРКІНДІГІН ШЕКТЕМЕЙДІ

ТӘРТІПТІ САҚТАУ – АДАМ ЕРКІНДІГІН ШЕКТЕМЕЙДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын толыққанды оқып, ой түйдім. Тиісінше, өз пікірімді ұсынуды жөн санадым.
Бұл сұхбатта көптеген маңызды мәселе қозғалып, еліміздің қазіргі күйіне қатысты ойлар айтылған. Өткен ұлу жылы біздің мемлекет үшін күрделі әрі маңызды кезең болғаны анық. Алайда Президентіміздің айтуынша, барлығы оңтайлы һәм оңынан шешіліп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының мықтылығына, төзімділігіне оң баға беріп, кездескен қиындықтарды еңсерее отырып, елдің келешегіне деген сенімі зор екенін атап өтті. Бұл өз хақында – халыққа үлкен сенім мен үміт ұялатады.
Өткен жылы еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан бірнеше отбасы ауыр жағдайға ұшырады. Мемлекет басшысының осы мәселеге көңіл бөліп, су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір адам көмексіз қалмайтынын айтқаны қаперді. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында кей отбасы өз үйлеріне қайта оралып, қажетті қаржылай қолдау алды. Тасқынның кесірінен баспанасыз қалғандар үйлі-күйлі болып, қоныстойын тойлады.
Жаңа жыл қарсаңында Ақтау жеріне Әзірбайжан ұшағы құлады. 38 адам қайтыс болып, 29 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жақындарын жоғалтқан адамдарға тек мемлекет қана емес, жұмысшылар да, тұрғындар да көмектесіп, қолдарынан келгенше қолдау көрсетті. Төтенше жағдайда қазақ халқының ізгі ниеті мен мейірімділігі тағы да айқын көрінді.
Биыл жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аударылатын жыл. Осы тұста әр саладағы жұмысшыларға басымды иемін. Сонымен қатар елімізде заң мен тәртіпті сақтауға жіті мән беруіміз керек. Жастардың өн бойына дұрыс тәрбиені сіңіру, олардың қайда жүргенін қадағалау үшін ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізеді. Қоғамдағы тәртіп пен мәдениетті сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты борышымыз.
Президент сұқбатында заң мен тәртіпке қатысты пікірін айтып, бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырмағанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру», – дейді ел Президенті.
Елде заң мен тәртіпті сақтау арқылы біз өркениетті әрі мәдени мемлекет бола аламыз. Бұл – әрбір адамның, әсіресе жас буынның жауапкершілігі. Тәртіпке бағынған адам ешқашан қор болмайды.

Өркен ИСМАИЛ,
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
ҚР Журналистер одағының мүшесі

08 қаңтар 2025 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (9268)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (9267)

30 желтоқсан 2024 ж.

№102 (9266).

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031