КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ

Мемлекет басшысы «Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі, - деді Президент.
Сонымен қатар қазіргі күні еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланғанын және Үкімет пен жергілікті әкімдіктер тарапынан қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.
Мемлект басшысы су тасқынан зардап шеккен бірде-бір адам ескерусіз қалмайтынын, тиісті көмек болатынын айтты.
Осындай маңызды сәтте бірлігімізді көрсетіп, мемлекет басшысымен бірге жұмыла атсалысайық.
Болат СЫЗДЫҚ,
"Amanat" партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы