Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЗБІРШІЛІКПЕН АПАТТЫ ЕҢСЕРЕМІЗ

АУЫЗБІРШІЛІКПЕН АПАТТЫ ЕҢСЕРЕМІЗ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде орын алған су тасқынына байланысты халыққа үндеу жариялады.
Президентіміз аймақтардағы ахуалды жіті бақылап, тиісті шараларды дер кезінде қабылдап жатыр.
Су басқан аймақтарда Төтенше жағдай қызметтері, еріктілер, әскери құрылымдар жұмылып, апат салдарын жоюға белсене кірісіп кетті.
Зардап шеккен тұрғындарға еліміздің түкпір түкпірінен гуманитарлық көмек жеткізілуде. Оның ішінде Сыр елі де қалыс қалмай, біркісідей жылу жинап, көмек қолын созды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өз үндеуінде тұрғындарға мемлекеттік материалдық резервтен де көмек көрсетілетінін айтты. "Мемлекет зардап шеккен бірде-бір адамды көмексіз қалдырмайды"-деді.
Мұндай жағдайда біз халқымыздың мызғымас бірлігін, ырысты ынтымағын, бекем ауызбіршілігін айрықша таныта білуіміз керек.
Мемлекет басшысы өз үндеуінде атап өткендей, елді дүрліктіріп, орынсыз, жалған ақпарат таратуға түбегейлі жол бермеуіміз қажет.
Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бұл апатты жеңеміз!
Еліміз аман болсын!

Рсалды ЕРІМБЕТОВА,
Жиделіарық ауылдық округі бойынша әйелдер кеңесі төрайымы
06 сәуір 2024 ж. 187 0