Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢ БАСТЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ

ЕҢ БАСТЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ

“Жағдай өте күрделі болса да, біз барлығын еңсереміз. Ең бастысы азаматтардың амандығы”, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде.
Иә, бұл елімізде 80 жылдан кейінгі үлкен су тасқыны болып тұр. Осындай қиын сәтте бірлігімізді берік етіп, бір-бірімізге деген қолдауды аямауымыз қажет. Күні кеше Қызылорда өңірінен зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберу жұмыстары жүргізілді. Гуманитарлық акцияға өңірлік ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдары белсенді қатысты. Бұл игі істер өз жалғасын табады.
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсетілетінін, барлық материалдық шығындардың өтелетінін де атап өтті.

Исабек БАЙКЕНЖЕЕВ,
Шиелі аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы 

06 сәуір 2024 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031