Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинациялаудың маңыздылығы туралы

Вакцинациялаудың маңыздылығы туралы

Вакцинациялау – инфекциялық аурулардың алдын алуға, сырттан әкелінген жағдайда - оқшаулау және жоюға бағытталған мемлекеттік саясат.  Әрбір елде өзінің бекітілген профилактикалық егулер күнтізбесі бар. Елдегі өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізбесі соғұрлым кең.  Біздің еліміздің егулер күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес келеді және дамыған елдердің (Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестелеріне ұқсас және кейбір инфекцияларға қарсы вакцинациялаудың болмауымен (ротавирусты инфекция, желшешек, жапон энцефалиті және басқалары) ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасында Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде вакцинациялау тегін жүргізіледі.
Кейбір елдер профилактикалық егулер болмаса елге кіруге тыйым салады. Көптеген елдердің, мысалы, АҚШ, Англияның оқу орындарында оқу үшін барлық профилактикалық егулердің болуы талап етіледі.  Сауд Арабиясына кіру үшін менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау талап етіледі, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және африкалық континенттің басқа да елдеріне барғанда сары қызбаға қарсы вакцинациялаудың болуы талап етіледі.  Біздің елде вакцинациялау 60 жыл бойы сәтті жүргізілуде және ол ауыр түрде өтетін, асқынулары бар, өлім-жітімге апаратын, алдымен балаларды зақымдайтын ауруларға қарсы бағытталған.  Дифтерия, ешбір басқа инфекция сияқты емес, жүрек бұлшық еті, тыныс алу бұлшық еті мен диафрагма параличі, жұмсақ таңдай, бет, мойын, дене және аяқ-қол бұлшық еттерінің параличі сияқты көптеген асқынулар туғызады. Бұл инфекция кезінде өлім-жітім жоғары – ауру адамдардың 10-нан 20%-ға дейіні қайтыс болады.
Паротитпен ауырғаннан кейін бедеулік, менингит, кереңдік, қызылшадан кейін – өкпенің, мидың қабынуы, В гепатитінен кейін - бауыр циррозы, гепатокарцинома (бауыр обыры) секілді ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, вакцинациялаудан бас тартқандарға инфекциялар мен оның асқынулары қауіп төндіреді.  Өкінішке орай, соңғы жылдары вакцинациялаудан бас тартатын адамдардың саны артып келе жатқаны байқалады, дегенмен олардың үлес салмағы вакцинациялауға жататын адамдардан айтарлықтай (1%-дан кем). төмен. Қазақстанда профилактикалық егуден бас тартқан адамдар арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың тіркеле бастауы алаңдатады. Осыған байланысты, профилактикалық егулерді уақтылы алуды және өз балаңыздың біздің еліміздің сау азаматы болып өсуге көмектесуіңізді ұсынады.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшы орынбасары
Гүлстан Бегайдарқызы
20 желтоқсан 2024 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031