Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Профилактикалық екпелердің маңызы

Профилактикалық екпелердің маңызы

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын алу және инфекциялық (бактериальды, вирустық) аурулардан өлім жағдайын төмендету мақсатында жүргізілетін тиімді әдіс. Жалпы инфекциялық аурулардан қорғау үшін алдын-ала егу - инфекциялық ауруларға қарсы төзімділікті туындатып, біздің иммунды жүйемізді нығайтып, ауруларға қарсы қорғаныс факторлары (антиденелер) пайда болады. Ал бұл қорғаныс факторлары біздің ағзамызға сол инфекциямен ауырғанда немесе оған қарсы екпе жасатқанда пайда болады. Әртүрлі жұқпалармен ауырып, ағзамызда әртүрлі асқынуларға жол бергенше оған қарсы екпе алған тиімді.

Профилактикалық егу немесе вакцинация жүргізу, балалар және ересектер үшін өте маңызды. Тек осы шара ғана емдеуге бой бермейтін немесе өте күрделі (В вирустық гепатит, дифтерия, сіреспе, көк жөтел т.б.) емделетін осындай аурулардың профилактикасының жалғыз құралы болып табылады. Кішкентай балалар үшін профилактикалық егу әсіресе маңызды, өйткені оның ағзасы әртүрлі инфекциялар алдында өте осал.
Егер де анасы уақытында екпе алған немесе қандай да бір аурумен ауырған болса, онда баланың өмір сүруінің алғашқы айларында ананың антиденесі оны қорғай алады, сосын одан ары қорғаныс қабілеті әлсірей бастайды, бұл кезде профилактикалық егусіз болмайды. Сондықтан вакцинацияны күнтізбелік егпеге сәйкес ерте жастан бастау қажет.
Вакциналар қауіпсіз. Көптеген жағдайларда вакцина аздаған және уақытша реация тудырады, мысалы еккен жердің ауру сезімі немесе аздаған дене қызуының көтерілуі. Маңызды жанама әсерлер өте сирек және жан-жақты бақыланып, тексерілуде. Маңызды үлкен қадамды вакцинаның өзіне қарағанда, ауруларды екпелермен алдын алу нәтижесіндегі салмақты салдарлар алады. Мысалы, полиомиелит жағдайында ауру сал ауруы, қызылша, энцефалит және соқыр болып қалуды туғызуы мүмкін, ал кейбір вакцинаның көмегімен алдын алған аурулар өлім-жітімге әкеліп соғады.
Вакцинаның көмегімен алдын алған аурулар көптеген елдерде сирек бола бастағанымен, олардың инфекция қоздырғыштары дүниенің кейбір бөліктерінде айналып жүруін жалғастыруда. Өзара байланысқан әлемде бұл қоздырғыштар шекара асып, кез келген қорғалмаған адамдарға жұғуы мүмкін. Осылайша, екпе алудың екі негізгі себебі бар – бұл өзін және айналасындағы адамдарды қорғау. Аурулардың таралуы бізді қоршаған адамдармен тоқтатылады деп есептеуге болмайды; біз бұған барынша күш салуымыз қажет.
Қорыта келгенде, барлық адам үшін заманауи препараттармен емделгеніне қарамастан, өлумен аяқталатын аурулардың алдын алу үшін екпе алу өте маңызды. Әрбір елде өзінің ерекшелігі болатын, вакцинаның барлық тізімі Ұлттық күнтізбе түрінде бекітіліп және орналастырылған. Ұлттық күнтізбеде белгіленген екпеден басқа қосымша салуға ұсынылған, бірқатар профилактикалық екпелер де бар. Денсаулық жағдайына жалпы талдау негізінде дәрігер балаға вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Г.Айтекеева,
Шиелі аудандық СЭБ басқарма басшысы
18 шілде 2024 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930