Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Иммундау апталығы бастау алды

Иммундау апталығы бастау алды

Иммундау апталығы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2005 жылдан бері Еуропа аймағында, ал 2007 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келеді.
Біздің елімізде жұқпалы ауруларға қарсы егу шарасы ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген ұлттық егу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егілу ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес міндетті болып табылады және ол тегін жүргізіледі. Басқа елдерден келгендерге де солай ақысыз жасалады. Соңғы уақытта вакцинациядан бас тарту жағдайлары жиілеп кетті. Бірі вакцинаның денсаулыққа теріс ықпалы бар десе, бірінің жеке діни көзқарасы кедергі болып тұр. Бұл мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қалай болғанда да егілмеген баланың өміріне қауіп тудыратын инфекция түрлерін жеңетін бірден бір құрал иммунизация.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мұрындық болуымен бүтін елде иммундау апталығы бастау алды. Иммундау апта­лы­ғының негізгі мақсаты – халықтың иммуно-профилактикаға қатысты сенімін қалыптас­тыру, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі вакцинациядан бас тартуға байланысты қауіп-қатер мен себеп-салдар туралы ақпараттандыру. Халықты инфекциялық аурулардан қорғау мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексіне сәйкес Қазақстан аумағындағы барлық жеке тұлғалардың егілу міндеттілігі көзделген. Қазақстанда 21 инфекциялық ауруға қарсы вакцинация жүргізіледі. Балалар да, ересектер де барлық егулерді алуы қажет. Себебі, олардың әрқайсысы әртүрлі инфекциялардан қорғайды. 2018 жылдың 23-28 сәуір аралығында
Еуропа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас­тауымен «Иммундау апталығы» өткізіледі. Аталмыш профилактикалық шара аясында өзге елдерден келгендерге, тұрақты, тіркелген мекен-жайы мен жұмыс орыны жоқ тұрғындар тобына баса назар аударылады. Вакцинация ақысыз жүргізіледі, барлық тұрғындарға қолжетімді болады. Иммундау ұлттық профилактикалық екпелерді алмай қалған тұлғалар арасында жүргізіледі. Құрметті ағайын, балаларыңызды уақытында ектіріп, өздеріңіз де егіліңіздер!

Н.Жылқыбаева,
аудандық иммунолог.
07 сәуір 2018 ж. 2 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930