Сот процестеріне қашықтықтан қатысу

ҚР Жоғарғы Соты «Сот жүйесінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында «SMART сот» пилоттық жобасын іске қосты. Осы жоба жұртшылыққа сот процесіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік беріп, оңтайлылығын көрсетуде. Қазіргі кезде «TrueConf», «Zoom», «Skype», «WhatsApp» және басқа да байланыс құралдарының көмегімен бейнебайланыс арқылы жүргізілуде. Қазіргі күні сот процестерін қосымша уақыт пен қаражат шығындамай-ақ қашықтықтан бейнеконференц байланысарқылы өткізу қалыпты жағдайға айналды. Бейнебайланыс арқылы прцеске қатысу үшін смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат көмегіне де жүгінуге болады. Тек арнайы бағдарлама жүктелуі керек.
Жалпы, алғанда сот жүйесіне енгізілген барлық ақпараттық-инновациялық технологиялар азаматтар мен заңды тұлғалардың сот қорғауына өз құқықтарын барынша ашық және ыңғайлы іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұлар өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімділігін одан әрі нығайта түседі.
Г.С.Косжанова
Шиелі аудандық сотының бас маман
сот отырысының хатшысы