Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тура төрелік сот беделін арттырады

Тура төрелік сот беделін арттырады

Қазіргі таңда Қазақстан Респбуликасы өзін құқықтық мемлекет ретінде таныта о отырып адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Мемлекетімізде демократияның басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Себебі, Қазақстан Респбуликасының Конституциясында адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп жазылған. Бұл қағидаттың бұзылуы орын алды деп танылса, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Яғни, әр адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.
Сот тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепілі екендігі анық. Сондықтанда, кез келген тұлға өз құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгінуге теңдей құқылы. Яғни, ешкім оның ісін сотта қарау құқығынан айыра алмайды. Сотта әркім өз сөзін тыңдату құқығына ие.
Адам сот арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Респбуликасы Кодекстерінде айқындалған талаптармен және заңнамамен белгіленген басқа да нысандар арқылы жүзеге асыра алады.
Талап қою және арызбен сотқа жүгінген тұлға ісінің конституциялық құқыққа сай әділ шешілуін мақсат ететіні анық. Дегенмен, заңның үстемдік құрғанын мойындамай, сот шешіміне қанағаттанбай, апелляциялық шағым беру үрдісі азаяр емес. Бұл дегеніміз азаматтардың өз құқықтарын және заңды толығымен жан-жақты білмеуінің салдары деп ойлаймын. Ұлы ойшыл Аристотельдің «Әлемді заң билеуі керек» деген сөзі бар. Олай болса заң болған жерде және оны терең игерген тұста азаматтардың қалыпты өмір дағдылары және қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмір сақталары сөзсіз.
Еліміздің ұстанған ең басты жолы сол қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірді сақтап, құқықтық мемлекет құру, оны одан әрі өркендету. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мінсіз қорғауда ең негізгі өзектісі сот қызметінің ашықтығы және жариялылығы болып табылады. Елімізде сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Президентіміздің сот жүйесін дамыту туралы қойған міндетін орындауда бүгінгі таңда сот саласының жұмысы тың серпін алып, сот ашықтығы мен қолжетімділігі арта түсті. Қазіргі таңда біршама игі істер қолға алынып, жүзеге асырылды.
Айтар болсақ, сот жүйесінің көп сатылығы жойылды, судьялардың кадрлық іріктеу жүйесі жаңғыртылды, судьялар әдебінің жаңа кодексі қабылданды, тараптарды бітістіру рәсімдері мен дауларды соттан тыс реттеу тетіктерін жетілдіру қолға алынды, сот жүктемесі азайтылды, сот актілерін ұғынықты тілде түсіндіру тәжірибесі енгізілді, жаңа электрондық сервистер мен жобалар іске қосылды, сот жүйесінің материалдық базасы нығайтылды, өңірлерде фронт кеңселер ашылды. Бұл батыл қадамдар мен сан-салалы жұмыстар сот жүйесін белсенді дамытудың жаңа қырын қалыптастырып, судьялардың жұмысына тың серпін береді деп толығымен айта аламыз.

Шиелі аудандық сотының судьясы А.Жолдыбаева

16 мамыр 2022 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930