БЕЙБІТ ЕЛДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ – АТА ЗАҢ
Еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың негізгі тетігін ұстап тұрған биік тұғырымыз Ата Заң деуге болады. Ел тәуелсіздігін алған 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Одан кейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда бірауыздан мақұлдады. Конституция Президент лауазымына үлкен міндеттер мен зор жауапкершілік жүктеді.
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толғалы отыр. Осы жылдар аралығында мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетті. Әрбір Қазақстан азаматының құқықтары мен бостандықтары мемлекет тарапынан қатаң қорғалады. Ата Заңда Қазақстан азаматтарын тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына байланысты бөліп-жаруға болмайтындығы баса айтылған. Егемендік алған осы жылдар ішінде білімі, тәжірибесі толыққан көптеген ұлттардың өкілдері мен әйел азаматшалар жергілікті жерлерге басшылық орындарда, сан түрлі лауазымда қызмет атқаруда.

Ал Ата Заңда еліміздің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп анық көрсетілген. Яғни біздің елімізде қандайда бір қылмыс жасалса да қатыгездік пен аяусыздыққа жол берілмейді. Барлығы Заң шеңберінде шешіліп, тіпті оның да құқықтары қорғалады. Өйткені қазақ елінің әрбір азаматының құқығы қорғалған.
Адамның табиғи құқықтарын мойындап, оларды негізгі конституциялық құқықтар мен бостандықтарда бекітіп, Ата Заң оларды қорғау механизмін қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының Конституциясы арқылы құқықтар мен бостандығын қорғайтын екі маңызды тәсілді бекітті. Ол сот арқылы және әкімшілік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан елімізде адамның бостандығы олардың жасаған әрекеттері тек заңға қайшы келгенде ғана, Қазақстан заңнамасына сәйкес, сот арқылы шектеу қойылмақ. Өйткені біздің Заңның ең бірінші міндеті – адам өмірін сақтау және оның құқығы мен бостандығына нұқсан келтірмеу. Қазақстан Республикасының азаматы болсын немесе басқа елден келген қонақ болсын мейлі, біздің еліміз адамға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін әрқашан қызмет атқарады.
Осы тұрғыдағы ойымызды Елбасының мына сөзі қуаттай түседі. «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өз елімізді, тарихымыз бен жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек».
Иә, ендеше әрбір азамат бейбіт елдің алтын арқауы – Ата Заңымыздың талаптарын бұлжытпай орындаса, алар асуымыз әркез биік, «Мәңгілік Елдің» тұғыры бекем, шаңырағы берекелі болары сөзсіз.
Л.Шонанбаева ,
Қызылорда облысының мемлекеттік архиві КММ-нің Шиелі аудандық филиалы ақпараттық технологиялар инспекторы
Қызылорда облысының мемлекеттік архиві КММ-нің Шиелі аудандық филиалы ақпараттық технологиялар инспекторы