Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер құқығын қорғау назарда

Әйелдер құқығын қорғау назарда


«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді әлдилейді» деп тегін айтпаса керек. Елімізде әйел құқығын қорғау, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция қабылданғаны белгілі. Сонымен қатар, әйелдер құқығын қорғауға, олардың зорлық-зомбылыққа ұшырамауына, кез келген салада жемісті жұмыс атқарып, елінің лайықты азаматтары болуына барынша мән беріледі. Ұлтымыздың қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес, қазақ қоғамы бұрыннан әйел затына, анаға зор құрметпен қарайды, оларды қадірлеп-қастерлейді. Қазақстан азаматтарының теңдігі, ешбір адамды жынысына қарай кемсітуге немесе оның құқығын шектеуге болмайтындығы еліміздің Конституциясында нақты көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп бекітілген.
Гүлнұр ҚҰРМАНБАЙ,
аудандық соттың судьясы.
03 шілде 2018 ж. 1 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930