Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМНІҢ ӘЙЕЛДЕРСІЗ КҮНІ БАР МА?

ӘЛЕМНІҢ ӘЙЕЛДЕРСІЗ КҮНІ БАР МА?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әйел – шексіз құдірет иесі. Тарих тағылымында ең айтулы өзгерістердің барлығы әйелдердің қолымен немесе әйелдер үшін жасалады» деген сөзі қоғам өміріндегі әйелдің ерекше орны мен оның мемлекет дамуындағы маңызды рөлін байқатады. 
Жалпы, әйел құқығы – адам құқығы. Гендерлік теңдік әйелдердің әлеу­мет­тік, экономикалық, мәдени, азаматтық жә­не саяси мәртебесін белгілейді. Тәуел­сіз­дік алған күннен бері елімізде гендер­лік саясатты дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Гендерлік саясат негіздері Қазақстан Рес­публикасы Конституциясымен ке­піл­дік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін айқындайды.
Бүгінде Қазақстанның адам құқық­тары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға ба­ғытталған әртүрлі шарттар мен конве­н­цияларға қосылғаны осы бағытта игі­лікті шаралардың жүргізіліп отырғанын көр­сетуде.
Өз кезегінде, жаһандық даму үрдісін­де қазақ халқының ұлттық дүниетанымы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәй­кес әйел табиғатын қоғам мен от­ба­сы­мен сабақтастырудың мәні ерекше. Осы­ған орай, әйелдің қоғам мен отба­сын­дағы рөлі, оның құқығын қорғау жә­не қоғамға бейімдеу, жалпы қоғамдағы от­басының беделі мен отбасылық құн­ды­лықтар жөнінде тұрғындар арасында тү­сіндіру жұмыстарын жүргізу бүгінгі за­манның негізгі талаптарының бірі десек, қателеспейміз.
Шындығында, адамзат баласының ты­ныс-тіршілігін, қоғамның даму бары­сын әйелдер қауымынсыз елестету мүм­кін емес. Әлемдегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуы мен егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуын­да­ғы әйелдердің сіңірген еңбегі зор. Оған әлем тарихында мемлекеттің қалып­тасуын­да үлкен рөл атқарған әйелдердің есі­мі куә. Қазақ тарихында да өзіндік ор­ны, үлкен әлеуметтік рөл атқарған, есім­дері аңызға айналған әйелдер аз емес. Соның ішінде Тұмар ханым, Ұмай ана, Айғаным ханша, Айша бибі, Абақ ана, Домалақ ана, қолбасшы Бопай ха­ным, ел билеген Айғаным мен Ұлпан, Зе­ре аналарымыз парасаттың символы болып саналады.
Сонымен қатар қазақ ұлтының да­муы­на, оның өнері мен мәдениетінің өр­­кендеуіне өзіндік үлес қосқан нәзік жан­дылар да жетерлік. Атап айтар бол­сақ, қазақтың әйгілі күйші-композиторы Дина Нүрпейісова, заманауи қазақ­стан­дық классикалық музыканың негізін салу­шы, кәсіби композиторлық мектеп­тің көрнекті өкілі Ғазиза Жұбанова, қа­зақ өнерінің бұлбұлы, КСРО Халық ар­тисі Күләш Байсейітова, ХХ ғасырдың басында қазақ қыздарынан шыққан тұң­ғыш журналист Нәзипа Құлжанова, елі­міздегі кітапхана ісін қалыптас­тыру­шы­лардың бірі Нәзира Дәулетова секілді ана­ларымыздың өнегелі өмірі – әр ке­зеңнің тарихындағы алтын парақ­тар.
Бүгінде жаһандану заманында әйел­дер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне кел­генде ер азаматтардан кем белсенділік та­нытып отырған жоқ. Қазақстандық әйел­дер тек отбасы төңірегінде емес, мем­лекет дамуының ең маңызды сала­ла­рында, мемлекеттік қызметте, биз­нес­те, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйе­сінде жемісті жұмыс істеп, қомақты үлес қосуда. Еліміздің табысты өркендеуі мен жарқын болашағы үшін аянбай ең­бек етуде.
Тәуелсіз Отанымыздың мәдениет пен өнер саласындағы мәртебесін мұхит асы­ра асқақтатып жүрген қыз-келін­шек­теріміздің қатарында КСРО халық ар­тисі Бибігүл Төлегенова, Қазақ­стан­ның халық артисі Айман Мұсаходжаева, Қа­зақстанның халық артисі Жәния Әу­бә­кірова, Қазақстанның халық артисі Ро­за Рымбаева, Қазақстанның Еңбек сіңір­ген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Майра Мұхамедқызы және та­ғы басқа біртуар дарынды өнер иелерін атап кетуге болады.
Еліміздің басты сахналарында жалпы қа­зақ әйелінің бейнесін, отбасы инс­ти­тутын нығайту мен отбасылық құн­ды­лық­тарды насихаттауға бағытталған көр­кем фильмдер, деректі фильмдер мен се­риалдар, сахналандырылған театр қойы­лымдары тұрақты түрде қойылып ке­леді
2017 жылы EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шаралары аясында 83 жыл бұрын жарыққа шыққан алғашқы қазақ операсы Е.Брусиловскийдің «Қыз Жі­бек» операсы ашық аспан астында сахна­лан­ды.
Ана махаббатының қуатты күші не­гізгі сюжетіне арқау болған «Анаға апа­рар жол» картинасы, Елбасы Н.Назарбаев­тың балалық шағы мен жеткіншек кезі туралы баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» биографиялық лентасы, 5 фи­льмнен тұратын «Үлкен ел – үлкен от­ба­сы» деректі фильмдер циклі, М.Омаро­ва­ның «Көмбе нанның дәмі», Ғ.Мү­сірепов­тің «Қыз Жі­бек», С.Мұратбековтің «Жусан иісі», О.Уай­льдтың «Звездный мальчик», Ю.Олешаның «Елка для наследника Тутти», Н.Носовтың «Приключение Нез­­найки и его друзей», Д.Россинидің «Золу­шка» спектакльдерінің премьера­лары көрермен назарына ұсынылды.
Әйел қауымына өздерінің кәсіби жә­не шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыратындай толық мүмкіндіктер беріліп келеді. Статистикалық мәліметтерге қа­ра­ғанда, еліміздің мәдени саласындағы ұйым­дарда жұмыс жасайтын жалпы қыз­меткерлердің (шамамен 6 287 адам)
51 пайызы (3 198-і) – әйел адамдар бол­са, соның 128-і басшылық лауазымды қыз­мет атқарып келеді.
Жыл сайын Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының мәдениет са­ла­сындағы мемлекеттік стипендиясы та­бысталуда. 2017 жылы мемлекеттік сти­пендия алғандар қатарында Марфуға Айт­қожина, Күләш Ахметова, Ақұштап Бақ­тыгереева, Надежда Чернова, Айша Аб­дуллина, Бибігүл Төлегенова, Роза Әшір­бекова, Меруерт Өтекешова, Та­мара Қосыбаева секілді өнер иелері бар.
Сайып келгенде, осының бәрі – Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзе­ге асырылып жатқан кешенді мемле­кет­тік саясаттың нәтижесі мен жемісі.
Ақбота Райымқұлова,
Мәдениет және спорт вице-министр
07 ақпан 2018 ж. 1 179 0