Ермаханның өнерін ел біледі
Күйшілік – қасиетті өнер. Күй – сырласың да, мұңдасың да бола алады. Киелі қазақтың қара домбырасының қоңыр үні кез келген жанның жан дүниесін тебірентіп қана қоймай, өмірдің мәнін ұғындырып бірде қуантады, бірде жылатады. Күйді нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген ардагер, әуесқой күйші Ермахан Ембергенді әңгімеге тарқан едік. Атадан балаға мирас болып келе жатқан осынау аманат жайлы ой-толғаныс өрнектеліп түсті.
Мақалаға арқау болған Ермахан Тасбергенұлы 1959 жылы Шиелі ауданына қарасты Қазақстанның 30 жылдығы атындағы кеңшарда дүниеген келген. Бала кезінен домбыра тартып, оған құмарлығы арта түскен. Оған әкесі Тасберген себепші еді. Тасберген аймағына белгілі мықты күйші болатын. «Әке көрген оқ жонар» демекші ол жас күнінен әкесі орындаған күйлерге құлақ құрышын қандырып, домбыраға ынтық болады. Отбасының барлығы қолына домбыра алып, ұлттық өнерді ұлықтаған жандар. Тіпті ағасы Қошқарбек Тасбергенов белгілі күйші, концертмейстер, қазақ күй өнерінің дамуы мен зерттелу ісіне зор үлес қосқан талантты азамат еді. Тағы бір ағасы Ержігіттің өзі домбырашы, бірнеше музыкалық аспапта ойнайтын өнерлі жан. Ермаханның өнердегі алғашқы ұстазы – әкесі. Анасы Күлпан жанашыр, ажарлы кісі болған. Кейіпкеріміздің ағасы Қошқарбек мектеп қабырғасында жүріп-ақ кішігірім оркестр басқарған. Соның барлығын көріп өскен кішкентай Ермаханның домбыраны қолға алмауы мүмкін бе? Туып-өскен ауылындағы (қазіргі Бала би) Абай атындағы қазақ орта мектебін 1966-1976 жылдары оқып бітірген соң 1977-1979 жылы әскер қатарында болып, әрі қарай 1981-1983 жылдар аралығында республикалық эстрада және цирк өнері студиясынан домбыра класы бойынша тәлім алып, бітіріп шығады.

Күйді жан-тәнімен түсініп, жүрегімен түйсінген жас Ермахан 1983 жылы ауылына қайта оралып, сондағы ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалады. Содан кейін 1984-1986 жылдары аудандық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі болып жұмысқа орналасады. Мәдени шаралардың басы-қасында жүріп, аудандағы көптеген игі жақсылармен үзеңгілес болып, араласты. Әкеден, ағаларынан үйренген өнер осылайша оның өмірлік ұстанымына, ғұмырлық серігіне айналды. Қайда жүрсе де домбыраның үні оны армандаған белесіне жетелей берді. Кейде мәдениет саласынан алыс кеткен сәттері де болды. Десек те, өнерге деген сүйіспеншілігінің арқасында домбыраны жанына серік етіп келеді.
–Күмбірлеген қоңыр үн болашақ ұрпақтың бойына ұлттық қасиеттерді молынан сіңіреді. Домбыраның қоңыр үніне құлағының құрышы қанған ұрпақтан ұлтты ұлықтар азамат шығары сөзсіз. Біз домбыраны бүгінгі жастарға көп наситтауымыз қажет. Өйткені домбыраны қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылым заманнан тіл қатқан тірі куәгері десе де болады. Қазақ ән-жырмен, домбыраның күмбірімен тыныстаған. Бесікте жатып жырмен тербетілген. Хакім Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», – деп тал бесіктен жер-бесікке дейінгі қазақтың өмірі өлең мен жырға көмкерілетінін толғайды. Бабадан балаға мирас болған домбыраның күмбірі бүгінгі қазақ баласын тәрбиелейтін басты құрал болмақ, – дейді Е.Тасбергенұлы.
Қазір зейнеткерлік жаста болса да, еңбек етуден жалықпайтын ардагер түрлі шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мәселен, жақында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Күй керуені» атты әуесқой күйші-ардагерлер арасында облыстық байқаудан I орын иеленіп, үздік атанды. Шиелі ауданының атынан шығып, аудан мерейін бір асқақтатты.
Бүгінгі зейнет жасындағы ата-әжелер – кешегі еңбеккерлер, өз уақытында елдің дамуы жолында саналы ғұымырып сарп еткен, сан жылдар бойы тер төккен ардақты жандар. Олар көпке үлгі. Міне, дәл солай біз жазған кейіпкер де домбырасын қолынан тастамайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген өнерлі жан дер едік.
Айнұр ИБРАШ,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ