Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар арасында көз аурулары жиілеген

Балалар арасында көз аурулары жиілеген

Балалар арасында көз аурулары жиілегенҚазақстан офтальмологтарының мәліметінше, мектеп оқушыларының 70-80 пайызының көзі дұрыс көрмейді, деп хабарлайды Egemen.kz. Балалар арасында миопия яғни, алыстан көрмеушілік жылдан-жылға артып отыр. Статистикаға қарағанда елімізде әрбір 5-ші бала алыстан көрмейді. Офтальмологтар мұның себебін көзге шектен тыс салмақ түсірумен байланыстырып отыр, олар: «балалардың көз жанарын сақтау үшін гаджеттерді қолдануды шектеу керек», дейді. Аlmaty.tv.kz-тің жазуынша, кез келген адам гаджет, телефон, компьютерді пайдаланған соң, міндетті түрде көзге 20 минуттай демалыс беруі керек. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, 20 минуттай тыныққан дұрыс. Бұл – көз тамырларының босаңсуына мүмкіндік береді. Дәрігерлер көз ауруын асқындырудың салдары – су қараңғылыққа әкелетінін, оған әлемдік озық медицина қауқарсыз екенін ескертеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде әр минут сайын 1 бала, 5 секунд сайын 1 ересек адам жанарын жоғалтады.
Фото: almaty.tv
28 қазан 2024 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031