Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Орталық Азияда артық салмақ жағынан бірінші орында тұр

Қазақстан Орталық Азияда артық салмақ жағынан бірінші орында тұр



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы етжеңділікке бейімдеу. Еліміз бірнеше жылдан бері Орталық Азияда артық салмақ жағынан бірінші орында тұр. Елдегі әрбір төртінші ер адам толық деген ақпар бар. Ал диетологтар тамақты талғамай жұту дұрыс емес деп дабыл қағып отыр. Себебі адам денсаулығының 50 пайызы сауатты қоректенуге байланысты екен. Бүгін Дүниежүзілік салауатты ас қорыту күні. Биыл 60-рет аталып өтіп жатыр. Келісетін шығарсыз, мұндай күн қажет! Себебі, «бірінші байлық – денсаулық» дегеннің қадірі қазір артып отыр. Жаһандану дәуірінде тамақтың жеті емес, жетпіс жеті түрі шықты ғой. Газды сусыннан басталып фастфудпен жалғасып кете береді. Бірақ мұның ағзаға зиян екенін ақхалаттылар айтпай жүрген жоқ. Мәселен, Президент іс басқармасының медициналық орталығының диетологы Алтынай Тұңғышбаеваға адамдардың 80-90 пайызы семіздікпен келеді екен. Қаралатын қалған 10-20 пайызы артық салмақ салдарынан алуан ауруға шалдыққандар. Әсіресе бұл орайда іш, асқазан дерттері дендеп тұр. Алтынай Тұңғышбаева, Президент іс басқармасы медициналық орталығының диетологы: - Біздің қоғамда адамдар калориясы көп тамаққа әуес. Әсіресе күнделікті нан, тоқаш, кондитерлік өнімдерді, тәтті, майлы тамақтар мен газды сусындарды тұтынғанды ұнатады. Бірақ бұл семіздікке себеп болады. Одан соң адамның репродуктивті қызметі бұзылады. Осының салдарынан соңғы кезде артық салмақпен дүниеге келіп жатқан сәбилердің қатары өсіп отыр. Аналары калориясы мол тамақтарды көп тұтынып, оның салдары ұрпағына да тиеді. Әуес тамақтан арылу үшін адамға кем дегенде 6 ай, әйтпесе 2 жыл уақыт керек. Бұл ғылыммен дәлелденген екен. «Ал ет жеуге болмайды» деп бәзбіреулер айтып жүрген қағида жансақ», – дейді дәрігер. Себебі, ағзаға керекті дәруменнің бәрі сол етте. Алайда кейіпкеріміз Әсемгүл Мұқсинова саулық үшін балаға және ересектерге екі түрлі тағам әзірлеген дұрыс екенін айтады. Әсемгүл Мұқсинова, қала тұрғыны: - Бұрында аналарымыз бізді үйдегілерге әзірлеген жалпы тамақпен қоректендіретін. Бірақ бұл дұрыс емес. Себебі, ересек адам мен баланың ағзасы екі түрлі. Сосын жастайынан түрлі аурулар белең алады. Ал мен қазір ұлым үшін тамақ істесем, өзіміз де сонымен ауқаттанамыз. Мұны дәрігерлер де құптайды. Ағзаға пайдалысы ақуыз. Ол үшін тұтынатын ас үлесіңізді ботқа, ет, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидекке толтырған ләзім. Мұндай кеңесті дәрігер айтты. Тағы бір ескеретін жайт, тек дұрыс қана емес, уақтылы тамақтанған жөн.

24.kz
29 мамыр 2018 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930