Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде пневмония жұқтырғандар саны көбейді

Елімізде пневмония жұқтырғандар саны көбейді

Қазақстанда пневмонияға шалдыққандардың саны айтарлықтай артты. Денсаулық сақтау министрлігі мұны Омикрон штаммының әртүрлі нұсқаларының таралуымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде пневмония жұқтырғандар саны көбейді
фото: gov.kz

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда пневмонияның 49 704 жағдайы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артық. Салыстырмалы түрде 2023 жылы пневмонияның 123 910 жағдайы тіркелсе, оның 40 144 жағдайы алғашқы алты айда болған.
Коронавирустың мутациясына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта елде, сондай-ақ бүкіл әлемде Омикрон JN.1 штамм нұсқасының айналымы басым екенін атап өтті. Қазақстандағы генетикалық зерттеулердің соңғы мәліметтері келесі нұсқалардың бар екенін растайды: JN.1.13 - 61 пайыз; JN.1.18 - 22 пайыз және JN.1 - 8,7 пайыз.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, JN.1 штаммы халықтың денсаулығына жоғары қауіп төндірмейді және оның жоғары жұқпалылығына қарамастан, бұл штамм аса ауыр ауру туғызбайды», деп түсіндірді министрлік.
14 тамыз 2024 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9302)

12 мамыр 2025 ж.

№34 (9301)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031