Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰТЫРМА АУРУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

ҚҰТЫРМА АУРУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Құтыру ауруының зардап – қасіретінен сақ болыңыздар! Құтыру індеті – жедел вирусты аурулардың ең қатерлісінің бірі. Сүтқоректілердің барлық түрлерінің табиғи ошақты ауруларына жатады. Құтыру ауруымен жылы қанды жануарлардың барлық түрлері, сондай-ақ адамдар да ауырады. Ауру орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілерінің көрінісімен және 100 пайыз өліммен сипатталады.
 Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальді инфекция. Дүниежүзінде құтырудан жыл сайын 50 мың адам және 1 миллион жануар өледі. Вирусты тасымалдаушыларға жыртқыш аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі және үй жануарлары жатады. Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады. Құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе терінің зақымданған жеріне олардың сілекейі түскен кезде вирус ағзаға жұғады. Вирус нерв талшықтарымен бас, жұлын миына жетіп, онда көбейіп, жинақталады. Кейбір жағдайларда ауру атипті түрде жүреді. Құтырудың мұндай түрін диагностикалау қиын. Ақыр соңында диагнозды кейде өлімнен кейінгі зерттеуден кейін ғана қоюға болады. Атипті құтырудың бірқатар жағдайында мүлдем құтыру деп диагноз қойылмауы мүмкін. Ал паралитикалық құтыру ауруының ұзақтығы әдетте ұзағырақ. Құтыру ауруының инкубациялық кезеңі 12 күннен 1 жылға дейін созылуы мүмкін. Ұзақтығы тістелген орынға байланысты. Құтыру ауруының емі жоқ. Алайда алдын алуға болады.
Егер сізге біреуді тістеген  немесе қапқан  жануар құтырған болуы мүмкін деген ой келсе:
  • Тез арада дәрігер хирургке көрініңіз
  • жануарды өлтірмеңіз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз;
  • тістеген жерді сабынмен жуып, спиртпен немесе иод тұнбасымен сүрту қажет;
  • егер жануар егесіз жануар болған жағдайда, (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе ) зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған кестеге сай қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы екпе жасалады;
  • егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге асықпаңыз, мал дәрігері оларды 10 күн бақылауда ұстайды, дәл осы уақытта жануардың клиникалық құтырмасы білінеді немесе жануар сауығады. Жануар осы мерзім ішінде сауыққан жағдайда ғана егуді қабылдау тоқтатылады.
Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6-ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты тоңазуға болмайды. Осы сақтық шараларын сақтау адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін.
         Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!
Н.Оспанов
Шиелі аудандық СЭББ бас маманы
16 қазан 2024 ж. 299 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031