Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жуырда еліміздегі шағын қалалар мен ауыл тұрғындары әуе арқылы қатынай алады

Жуырда еліміздегі шағын қалалар мен ауыл тұрғындары әуе арқылы қатынай алады


Енді бірер жылда еліміздегі шағын қалалар мен ауыл-аймақ тұрғындары әуе арқылы қатынай алады. Осы мақсатта 20 адамға шақталған шағын ұшақтар пайда болады. Мұндай ұшақтар 500 шақырымға дейінгі аумақтарға қатынайды. Тиісінше, билет құны да қалтаны қақпайды. Осы жоба негізінде алдағы жылдары республика бойынша 16 аэродромды жаңғырту жоспарда бар. Оның 11-і тасжолды болса, қалған ұшып-қону аумағына жасанды қабаттар төселеді. Ілкімді іс  «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Тың жаңалықты азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Тоты Әмірова жеткізді. Оның айтуынша, кіші авиацияны дамыту ішкі туризм және шағын қалалар мен елді мекендердегі бизнестің өркендеуіне оң ықпал етпек.   Тоты Әмірова,  ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы: – Қазір кіші авиация қарқынды дамып келе жатыр. Өткен жылдың өзінде 60 шақты шағын ұшақ тіркелді. Жеке меншікте ықшам ұшақтар да бар. Үлкен әуе көлігіндей бола қоймағанмен, тұрғындардың қатынауына қолайлы. Қазақтың жері кең-байтақ. Сондықтан кіші авиацияны да дамыта түскен жөн. Бұл экономиканың да қарыштауына септігін тигізбек.

24.kz
08 желтоқсан 2017 ж. 1 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930