Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ТЕЛІКӨЛДЕ ЖАЛҒАСТЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ТЕЛІКӨЛДЕ ЖАЛҒАСТЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов, аудандық халықтық штаб мүшелері Болат Сыздық, Жібек Баймұратова, Мұрат Тұрабаевтар Телікөл ауылының тұрғындарымен кездесті.


Мархабат Жайымбетов кездесу барысында қазіргі уақытта электр қуатының тапшылығы елдің оңтүстік аймақтарында байқалады, 2023 жылдың соңында ол 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Бүгінде бұл өңірлердегі электр қуатының тапшылығы солтүстіктен келетін ағынмен жабылуда. Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесе, тапшылық жыл сайын орта есеппен жылына 3%-ға өседі. Осыған байланысты атом электр стансасын салу экономикалық тұрғыдан ең тиімді шешім болып табылады. Сонымен қатар, атом электр станцияларының құрылысы мультипликативті әсер береді. Мәселен, жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, АЭС-тегі әрбір жұмыс ілеспе салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер ететінін атап өтті.
Сондай-ақ, штаб мүшелері Ережеге сәйкес атом энергетикасы объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар стратегиялық объектілер қатарына жатқызылады және қорғауға жатады. Қарапайым сөзбен айтқанда, АЭС аумағына ену шектеулі және мұқият күзетілетін нысан болатынын жеткізді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары қойған сауалдарына толыққанды жауап алып, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
26 қыркүйек 2024 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930