Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҰРАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҰРАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Республикалық халықтық штаб мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Тұран ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Бүгінгі кездесу барысында да Республикалық халықтық штаб мүшелері жасыл энергия көзінің артықышылықтары кеңінен жеткізіп, ауыл тұғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді.
«Жалпы бу-газ электрстанциялары электр энергиясын өндіру үшін табиғи газды пайдаланады. Қазақстанда табиғи газ негізінен ілеспе мұнай болып табылады, яғни мұнаймен бірге өндіріледі, сондықтан газ өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Табиғи газ тасымалы Қазақстан энергетикасы үшін тұрақсыз сипатқа ие және елімізде табиғи газ өндіру көлемі жыл сайын 3%-ға қысқаруы байқалып отыр дейді сала манадары. Бір жағынан газ биржалық тауар болғандықтан, оның бағасы үнемі өзгеріп отырады, бұл тарифтерге қатысты қиындықтар туғызады. Ал, электр энергетикасына ұзақ мерзімді және тұрақты отын көлемі мен бағаның тұрақтылығы қажет. Оның үстіне еліміз уран өндіруден және оның қоры жағынан алдыңғы қатарға жайғасқан. Сәйкесінше, атом энергиясын өндіруге ешқандай кедергі болмайды»,- деді Руслан Рүстемов.
Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауылшарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор. Яғни сенімді электр энергия болмаса, өндірсті жүйелі жүзеге асыруда екі талай.
Өз кезінде сөз алған Республикалық халықтық штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов атом энергетикасы ауылшаруашылығы саласына да зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық салада дамудың жаңа мүмкіндігі екенін жеткізді. Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиіс, – деді ол.
23 қыркүйек 2024 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930