Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

АЭС МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Керделі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Республикалық халықтық штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов «мамандардың айтуынша электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артуда. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да өлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде.
Сондықтан, дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын» - деді.
Ал Республикалық халықтық штаб мүшесі Руслан Рүстемов атом энергетикасының жаһандағы дамуы төңірегінде атап өтті.
«Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көпшілігі II буын реакторлары болып табылады. Қазіргі уақытта III және III+ буын реакторларының саны көп емес. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл реакторлар дүние жүзінде ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады. қару үшін қандай шаралар қолданылуда? III буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Бастапқы лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қондырғыларды ұзақ мерзімді пайдалану көптеген елдерде қалыпты жағдайға айналды»,-деді.
Басқосуда ауыл тұрғындары атом энергиясы, станциялары жайлы біраз мәліметтерден хабардар болғанын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты.
23 қыркүйек 2024 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

№83 (9247)

18 қазан 2024 ж.

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031