Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық кәсіпорынға табиғатты ластағаны үшін 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

Қазақстандық кәсіпорынға табиғатты ластағаны үшін 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 миллиард теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған.

Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, үш валентті хром, магний оксиді және тағы басқа), сонымен қатар жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды. Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды. Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.

Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

06 қыркүйек 2024 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031