Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде зауыт жұмысшылары 2 млн теңгенің кабелін ұрлаған

Семейде зауыт жұмысшылары 2 млн теңгенің кабелін ұрлаған


Фото: polisia.kz

Абай облысында кәсіпорынға 2 млн теңгеден астам шығын келтірген күдіктілер анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен ірі зауыттардың бірінің 4 жұмысшысын ірі кабель ұрлады деген күдікпен ұстады. Арнайы бөлімшенің жедел қызметкерлері 2 ай ішінде ұрлық схемасын ашты.

Қылмыстық топ апта сайын зауыт аумағынан 30 метр көлемінде көп сымды мыс өткізгіштерін заңсыз шығарып отырған. Сондай-ақ жұмыс барысында өткізу орны анықталды.

Металл сынықтарын қабылдау пунктінің бірін санкцияланған тінту кезінде ұрланған металл тәркіленді. Кәсіпорынға келтірілген жалпы шығын – 2,2 млн теңге. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, – делінген хабарламада.
26 желтоқсан 2023 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31