5 млрд теңге жымқыру: Алматы метросы бойынша тергеу аяқталды
Фото: Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі
Бас көлік прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов мемлекетке 53 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылғанын мәлімдеді. 1 367 қадағалау актісі қаралып, 5 932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалған және 1 358 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратураның ұсынысы негізінде Көлік прокуратурасы «AirAstana» әуе компаниясына тексеру жүргізіп, нәтижесінде билеттер құнынан жанармай алымы шығарылып тасталды. Тасымалдаушы айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Осыған ұқсас прокуратураның наразылығы бойынша уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша пойыздарға теміржол билеттерін өткізу кезінде динамикалық баға белгілеу коэффициентін заңсыз қолдануды тоқтатқан.
«Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды.