Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата заң – Азат елдін ар-намысы

Ата заң – Азат елдін ар-намысы

 
Тәуелсіз еліміздің қолданыстағы Ата Заңының қабылданғанына биыл 29 жыл болады. Бұл Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткізу
 жолымен қабылданды.Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заң­ның барлық тілдердегі мойындал­ған атауы – Конституция. Дүрбелең замандарды бастан өткеріп, ақыр соңында қазақ елі де армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Алайда ұлан-байтақ жер мен ұшан-теңіз байлықтың үстінде отырған аз ғана халықтың халі – тұсауын енді ғана кескен жас сәбиге ұқсайтын еді. Сол уақытта еліміздің егемендігін паш еткен айбынды Ата Заңымыз қабылданып, ұлы дала төсіндегі тәуелсіз Қазақстанның өз көші басталған болатын. Бұл заң басқа заңдардан өзгеше еді. Ол үшін талай адам түнде ұйқысын, күндіз күлкісін қиып, көз майын тауысты. Халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрі мен таным-түсінігін ескере отырып, әлем елдерінің тәжірибелерін де назардан тыс қалдырмай, халқымыздың игілігі мен жарқын келешегін ойлап қабылданған Ата Заңымыз – еліміздің ілгері жылжып, жаһандану заманына жұтылып кетпеуінде маңызды рөл атқарып келеді. Бұл орайда еліміз 1995 жылы өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты Конституцясын қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі құндылығымыздың қағи­даттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ре­тінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конс­титуция қабылдау арқылы, Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 29 жыл толып отыр. Ата Заңымыздың қабылдануы, мем­лекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта – теңгенің енгізілуі Қазақстан Республикасының қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды.
Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан, елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуметті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын ­шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыс­тыр­ған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағи­даттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан елордамыз, әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Әрбір азамат өзін тең се­зінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұрт­шылығы үшін үлгі-өне­геге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзат­тық құндылықтар мен өрке­ниет­тік игіліктердің барлығы қам­тылғанын айғақтайды. Әрбір қазақ­стандықтың Конс­­титуциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап, орындауы маңызды. Конституция біздің басты құн­дылығымыз – тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мем­лекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.
Осынау қол жеткізген жетістіктерді баянды ете отырып, оны ары қарай жалғастыру, елінің ертеңін ойлайтын әрбір азаматтың және бүгінгі білім алып отырған жастарымыздың абыройлы борышы екендігі даусыз.
 Л. Шонанбаева
Шиелі аудандық архивінің акпараттык техника бойынша инспекторы
23 тамыз 2024 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031