Ата заңым – ардақты
Ата Заң – шеті мен шегі, қиыры көрінбес алып атырапта салтанат құрған еліміздің ең құнды әрі басты заңнамалық құжаты. Әр азаматтың құқықтары мен бостандық құндылықтарын айшықтап, мемлекеттің де келешекке қарай қарымды қадам басуына тірек болып отыр.
Конституция – кез келген елді алға сүйреуші локомотив. Қазіргідей жаһандық бәсекелестік өршіген заманда тура жолдан тайдырмай, барлығына бірдей құқық берер заңнамалар жинағы.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда заңның үстемдігін қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің ең негізгі әрі басты мақсаттарының бірі. Қоғам өмірінің барлық саласында заң үстемдігін жүзеге асыру, даму кезеңінің нақты қажеттігін қанағаттандыру, демократияны орнықтыру, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру сияқты көптеген маңызды мәселелермен тікелей байланысты. Демек Конституция жоғарыда көрсетілген мемлекет мүдделерінің жүзеге асырылуына әсері мол мемлекеттік құқық жүйесінің негізін бекітіп көрсететін ең жоғарғы заңдық күші бар басты құжат саналады.
Ата Заңымыз 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткiзу жолымен қабылданған болатын. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi – өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата Заңы. Жаңа Конституцияның ең жоғарғы заңдық күшi бар және ол ҚР-дің бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi.
Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды.
Отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың Конституция күні құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін.
Б. Шахмарданов
Ақпараттық технологиялар бойынша инспектор