Гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелері
Құқық Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның "Әйелдердің саяси құқықтары туралы" және "Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы " конвенциялары да бекітілді. Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын - ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына қол жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады.Бүгінгі күні республикада жүргізіліп жатқан Гендерлік теңдік стратегиясының нәтижелері халықаралық қоғамдастықпен танылуда. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі қағидалары ерлер мен әйелдердің құқық теңділігін орнатады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген. Қазақстан Республикасының барлық заңнамалары ерлер мен әйелдер арасындағы нақты теңдікті белгілейді.
Мысалға, мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша қандай да бір кемсітушілік белгілеуге жол берiлмейдi. Қазір қазақстандық әйелдер қоғам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге тең жағдайда қатысады. Республикада гендерлік теңдік мәселелері Мемлекет басшысының саясатында орталық орын алады, гендерлік саясат саласындағы атқарылып жатқан жұмыс демократиялық және құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік туғызады.
Шиелі аудандық сотының бас маманы Ақтолқын Табиғатова