Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гендерлік саясатты насихаттау

Гендерлік саясатты насихаттау

Гендерлік стратегияны іске асырудың аяқталуына байланысты мемлекеттік гендерлік саясаттың жаңа кезеңін орнықты дамудың халықаралық трендтерімен, ұлттық стратегиялық басымдықтармен және әлеуметттік саясаттың жаңа қағидаттартарымен байланыстырудың қолайлы мүмкіндіктері туып отыр.
Сонымен бірге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы құжаттарында отбасы институты әлеуметтік қорғаудың айрықша объектісі ретінде қаралады. Дамудың  жаңа кезеңінде адами капиталдың сапасына әсер ететін барлық әлеуметттік институттардың арасында отбасының рөлі маңызды болғандықтан, Қазақстанға отбасы саясатын қалыптастыруда өзінің тәсілдерін жасаған маңызды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, отбасының фунционалдық беріктігі деңгейіне гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер етеді. Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа маңызды фунцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады.
Осылайша, заманауи  берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі болып табылатыны айқын.
Гендерлік стратегияны іске асыру жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.  Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы  /балалары/ бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да бар. Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметттік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дйін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік  жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.

Шиелі аудандық сотының
судьясы А.К.Жолдыбаев
15 маусым 2021 ж. 372 0