Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

BAQ.KZ. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық комиссияның және өңірлер әкімдерінің жанындағы комиссиялардың азаматтардың өмірлік қажеттіліктеріне тиімді ден қою, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халық үніне құлақ асатын мемлекет құру міндетін қойды. Осыған байланысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл процестерді жеделдететін құралдардың бірі ретінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және өңірлер әкімдерінің жанындағы осындай комиссиялар қызмет атқарады. "Біз азаматтардың өмірлік маңызды сауалдарына мемлекеттің тиімді жауап қайтаруын қамтамасыз етеміз", - деді президент. Билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан жаһандық және өңір процестерінің тез құбылуына байланысты елімізде өзгеріп жатқан жағдайларды қаперде ұстап, қоғамдық диалогты одан әрі дамыту осы отырған баршамыздың міндетіміз, - деді Әбдіқалықова.

Ұлттық комиссия төрайымы жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту мәселесі Парламентте қызу талқыланып жатқанын айтты. Осыған қатысты тиісті заң жобалары туралы Ұлттық комиссияға жекелеген азаматтық қоғам өкілдері, ҮЕҰ тарапынан келіп түскен ұсыныстар депутаттарға таратылды.

Әбдіқалықова 23-24 қазанда Женевадағы БҰҰ комитетінде әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясын орындау бойынша қазақстандық делегация бесінші кезеңдік баяндамасын талқылағанын айтты. Делегация басшысы БҰҰ-ға гендерлік саясаттың ұлттық моделін қалыптастыруға, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді айтарлықтай прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Қазақстан жүргізген негізгі өзгерістер туралы хабарлады.

Ұлттық комиссия Қарағанды облысында Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижесі, Қазақстандағы әйелдер футболын дамыту перспективалары туралы мәселелерді қарады. Сондай-ақ, Ұлттық комиссияның 2019 жылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы жылға арналған міндеттер қаралды.

2019 жылы Ұлттық комиссия азаматтық қоғамның кең қатысуымен әкелер, ауылдық әйелдер, көпбалалы аналар форумдары шеңберінде, мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік-гендерлік саясаттың нәтижелерін талқылайтын диалогтық алаңдар өткізді.

Келер жылы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын және мемлекет басшысының әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың тұтас жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарланып отыр.

Отырыс соңында Ұлттық комиссия төрайымы мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
06 желтоқсан 2019 ж. 840 0