Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ – ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ – ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

Таяуда Астана қаласында «Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауға қатысқан шиелілік жерлестер жемісті жетістіктермен оралды.

Ә.Тәжібаев ауылдық клуб үйінің үйірме жетекшілері жетекшілік жасаған құрам марапат биігінен көрінді. Атап айтсақ, Раяна Сабырхан Алтын жүлде иегері атанып, гран-при марапатын иеленсе, Нұрлыжан Әбдіғали күй жанры бойынша бақ сынап, жүлделі I орынды қанжығалады. Жетекшісі – Әділбек Тәшімов.
Ал «Лаула» би үйірмесінің өнерпаздары – Еркеназ Қуандық, Інжу Ербай, Жәния Құлмағанбет, Шырай Әділхан қазақ биін елорда төрінде паш етіп, жүлделі II орынға табан тіреді.
Ән жанры бойынша үш оқушы додаға түсіп, бірі алтын жүлде алса, екеуі – Ернар Шаңдар мен Наз Есенәлі II орынды иеленді. Жетекшісі – әдіскер маман Жайна Жақыпова.
Үйірме ұжымы жас өнерпаздардың өнерін бағалап, қолдап, демеушілік танытқан ата-аналар қауымына алғыс айтады. Аудан жастарының жеңісті жүлделерінің көп, болашақтарының жарқын болуына біз де тілекшіміз!

«Өскен өңір» ақпарат

16 шілде 2024 ж. 177 0