СУДАН КЕЛЕР ҚАУІП СЕЙІЛГЕН ЖОҚ
Суға шомылу маусымының басталғанына 1 айдан асты. Бұл уақытта тұрғындардың түрлі су айдындарында уақыт өткізіп, аптап ыстықтан қорғанатыны анық. Десе де, суға шомылу кезіндегі қарапайым ережелерді бірі білсе, бірі білмейді. Мұның салдары әртүрлі оқыс жағдайдың орын алуына әкеп соғуы мүмкін. Бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүйелі жалғастырып келеді. Бірақ, өкінішке қарай, өз өмірін тәуекелге тігетіндер саны азаймай тұр. Сейсенбі күні Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бағлан Әбсаттаров аудан әкімінің баспасөз орталығында арнайы брифинг өткізді. Оның мәлімдеуінше, соңғы екі аптада азаматтардың суда қаза болуының 2 оқиғасы тіркелген.
Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округіне қарасты «Ханқожа» көлі бүгінде тұрғындар ме аудан қонақтарының табан тірер бірден-бір демалыс орнына айналған. Көл жағалауы жақындармен жағымды уақыт өткізіп, жасөспірімдердің жазғы демалысын көңілді ұйымдастыруға тиімділік береді. Ауа қысымының күрт жоғарылауы мұнда келушілердің санын тіпті көбейтті. Жоспарлы демалыс жаныңа рахат сыйлағанмен, судың тілсіз жау екенін жоққа шығара алмаймыз. Қазіргі таңда аталған аумақта орын алған қайғылы жағдайлардың соңы адам өлімімен аяқталуда. Бағлан Бөлешұлы, әсіресе балалар үшін судан келер қауіптің зор екенін атап өтті.
– 2024 жылдың суға шомылу маусымы басталмас бұрын аудан аумағында кәмелетке толмаған ьбалалар мен жасөспірімдер арасында суда қаза болудың 1 жағдайы орын алды. Ал жазғы суға шомылу маусымы басталғалы бері азаматтардың суда қаза болуының 2 және қайғылы жағдайда қаза болуының 2 оқиғасы тіркеліп отыр, – деді ол.
Өткен жылға оралсақ, жазғы суға шомылу маусымында Шиелі ауданы аумағында 3 оқиға тіркелген. Салдарынан 1 адам қаза болса, 1 адам ауыр дене жарақатын алып, 1 адамға алғашқы көмек көрсетілді. Жасыратыны жоқ, судан келер қауіп әлі де сейілер емес.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мұндай қайғылы оқиғалардың орын алуына азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы, спирттік ішімдік ішіп, жабдықталмаған су айдындарында суға түсуі, суға түсу барысында су аймағын зерттемеуі, олардың құтқару, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіні, ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруы себеп болып отырғанын айтады. Бұл тізімде суға шомылуға қауіпті жерлерде ескерту белгілерінің толық орнатылмауы және талапқа сай жағажайлардың болмауы да бар.
Қазіргі таңда судағы төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында кент және ауылдық округ әкімдерін, тиісті ме- кеме басшылары мен ұстаздарды, ата-аналарды жұмылдыру арқылы бірқатар жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ аудан әкімі Н.Ахатовпен «2024 жылы суға шомылу маусымында аудан аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша бірлескен кешенді жоспар» бекітіліп, тиісті сала басшыларына және құзырлы органдарға жоспар негізінде жұмыстарды ұйымдастыру үшін жолданды. Айта кетейік, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның 2024 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімінің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткен болатын. Жиында «Жаз маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары және аудан көлемінде коммуналдық жағажайлар ашу туралы» мәселе қаралып, жиналыс қорытындысымен хаттама рәсімделді, мекемелерге тапсырмалар берілді.
Тілсіз жаудан келетін қауіптің алдын алу бағыты бойынша Шиелі ауданы азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері ЖАО және аудандық Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында орналасқан «Ханқожа» көлінде және «Суға шомылуға тыйым салынады» ескерту тақтайшалары орнатылған су айдындарына рейдтік және үгіт-насихат жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Жүргізілген рейдтік жұмыстардың нәтижесінде ескерту тақтайшалары орналасқан қауіпті су айдынында шомылған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы (Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау) негізінде, 2 жеке тұлғаға әрқайсысына 12 922 теңге көлемінде жалпы суммасы 25 844 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік хаттама толтырылды.
Жыл басынан бері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалардың тұрмыстағы қауіпсіздігі», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!» және т.б. тақырыптарда «Желмая – А.А.С» ЖШС-нің және мешіттердегі дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы халыққа 30 рет хабарлама оқылып, жергілікті «Өскен өңір», «Шарайна-Сейхун» редакцияларының баспасөз бетіне қауіпсіздік қағидаларын насихаттайтын 5 мақала жарияланды. Қызметтік автокөліктің дауыс зорайтқыш құрылғысы арқылы суға шомылу маусымындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бағытында адамдар жаппай жиылатын объектілерде (сапаржай, вокзал, базар мен сауда үйлері және т.б.) 50 рет хабарлама оқылды. Сонымен қатар Шиелі кентінде орналасқан ЛЭД экрандар арқылы қауіпсіздікті насихаттайтын арнайы бейнероликтер көрсетілуде. Аталған шарaлар суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

2024 жылдың 30 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов «Шиелі ауданы бойынша балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы тобын» құрды. Жұмысшы топ құрамына аудандық білім бөлімі, Полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық көпбейінді орталық аурухана, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық қоғамдық даму бөлімі қызметкерлері бекітілген. Олар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, балалардың заң алдындағы қауіпсіздігі мен мәртебесі, ата- ананың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізумен айналысуда.
1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты кез келген туындауы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою дайындығын арттыру және азаматтар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында «Сыр ұланы» КМҚК жазғы балалар лагерінде түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, арнайы әзірленген үнпарақтар таратылды.
Сондай-ақ балаларға азаматтық қорғау органдарының оң имиджін көтеруді қамтамасыз ету және өскелең ұрпаққа азаматтық қорғау органының мамандықтарын дәріптеу мақсатында өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері, авариялық-құтқару жұмыстарына арналған жабдықтары таныстырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Сағындықов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Мампаев және аудан әкімдігінің Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Н.Беркімбаев осы мақсатта Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында орналасқан Ханқожа көліндегі тұрғындар мен қонақтарға, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген үнпарақтарды таратты. Іс-шара барысында демалушыларға, демалыс аймақтарын жалға беріп отырған кәсіпкерлерге қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алуды және өз аймақтарында алғашқы құтқару құралдары мен медициналық қобдишалардың болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қонақтарға қауіпсіздік шаралары туралы ережелерді таныстыруды арнайы журналдарға қол қою арқылы жүргізуді тапсырды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі ҚО ТЖД-нің және Шиелі ауданының әкімдігі мен Қоғамдық даму бөлімінің ресми әлеуметтік парақшаларында жариялануда.
Брифинг соңында БАҚ қызметкерлері мен аудан тұрғындары тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Бағлан Әбсаттаров аталған мәселелерді қорытындылай отырып, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ұсынған қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
– «Суға түсуге болмайды» ескерту тақтайшалары көрсетілген орындарда және қауіпті, зерттелмеген аймақтарда, алкогольді ішімдік ішіп, психотропты заттарды қолданып суға түсуге қатаң тыйым салынады. Орын алған қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін арнайы белгіленген суға түсу орындарында жағажайларда, бассейндерде шомылыңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Терлеп тұрғанда, қараңғы уақытта, қатты толқын кезінде суға түспегеніңіз абзал. Шомылу кезінде кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын бармаңыз. Қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбаңыз. Сондай-ақ қауіпті биік көпірлерден, қайықтардан суға секірмеуіңізді ескертеміз, – деді ол.
«Сақтансаң, сақтайды» дейді халық даналығы. Қолымызда өз өміріміздің тұтқасы тұрғанын ұмытпайық.

Таслима ӘЛІШЕР