САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ
Жаз мезгілі болса судан келер қауіп көп. Мамандардың айтуынша, суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі-қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан. Бұл туралы 2024 жылдың 10 маусым күні Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Шиелі ауданы бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Мампаев журналистерге брифинг берді.
Сала басшысының айтуынша, жыл басынан аудан аумағында 20 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде: тұрғын үйде - 13, автокөліктерде - 5, орман өрті – 2. Өрт салдарынан қаза болудың 1 оқиғасы тіркелді.
Өрттердің шығу себептері: тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, балалардың қараусыз қалуы, электр сымдарының қысқаша тұйықталуы, тұрғын үйлердегі пеш ақаулары және т.б.
Өрт және өзге де жану оқиғаларының нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптарына сәйкес, әкімшілік шаралар көрілетінін ескертеміз.
Сонымен қатар, суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз және суға шомылу маусымы кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұсынамыз:
- тек арнайы рұқсат етілген орынға шомылыңыз;
- тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды;
- таныс емес, зерттелмеген жерлерге суға сүңгімеңіз;
- су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түспеңіз;
- балаларды ересектердің бақылауымен суға шомылдырып, оларды қараусыз қалдырмаңыз.
Алдағы суға шомылу маусымында ЖАО және Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік және профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіліп отыратын болады.
Рейдтік жұмыстар барысында суға шомылуға тыйым салынған аймақтарда шомылған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.
Сөз соңында сала басшысы Ж.Мампаев аудан тұрғындарын ұсынылған қауіпсіздік талаптарына жоғары жауапкершілікпен қарап,өз отбасыларында үнемі әр түрлі тақырыпта қауіпсіздік шараларын насихаттайтын әңгіме жүргізуге шақырды.
Сонымен қатар тұрғындарға кез-келген төтенше жағдайдың куәгері болса 101 немесе 112 номерлеріне қоңырау шалуды және құтқару қызметі тәулік бойы ел тыныштығын күзетуге әрдайым дайын екендігін атап өтті.