Мереке қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары тақырыбында брифинг өткізілді

Брифинг барысында Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы мереке кезінде Шиелі ауданының азаматтық қорғау гарнизоны күшейтілген кезекшілік қызметін атқаратынын атап өтіп, кез-келген төтенше жағдайларға дайын болатынын айтты. Мерекелік іс-шаралар барысында адамдар жаппай жиналатын орындарда туындауы мүмкін төтенше жағдайлар туралы айтып өтті.
Жыл басынан жалпы 10 өрт оқиғасы орын алды. Оның ішінде: тұрғын үйде 7, автокөліктерде 3 өрт оқиғасы. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптарына сәйкес, әкімшілік шара көрілді.
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Мерекелік демалыс кезінде өрт оқиғаларының және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік ереже талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұрайды!