Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ…

САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ…

Жаз мезгілі болса судан келер қауіп көп. ТЖД мәліметіне сүйенсек, жыл басталғалы облыс аумағындағы су айдындарында рейдтік іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Дегенмен, оқыс оқиғаға ұшырағандар саны азаяр емес. Мамандардың айтуынша, суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі - қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан дейді. Бұл туралы облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев мәлімдеді.
- Жыл басынан бері облыста 8 адам су айдындарында оқыс оқиғаға ұшырап, қаза тапты. Осыған орай облыс тұрғындары мен қонақтарының жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ Департамент бастығының «2024 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде күнделікті облыс көлемінде сағат 14:00 мен 21:00 аралығында жауапты сала мамандарын тарта отырып рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Қосымша рейдтерге Қызылорда қаласының су айдындарында дрондар пайдалануда. Жалпы Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 989 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 37 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 442 еріктілер жұмылдырылды, - деді Ғафур Әлиұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
11 маусым 2024 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031