ҚАЛАМ ҰСТАҒАН ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шараға аудандағы журналистер қауымы мен сала ардагерлері, аудандық «Өскен өңір», аймақтық «Шарайна-Сейхун» газеті редакциясының ұжымдарының қызметкерлері қатысты.
Мерекелік кеште Болатбек Ысмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, журналистер қауымының бүгінгі қоғамдағы атқарып жүрген елеулі еңбектерін атап өтті. Сондай-ақ, "Сыр бойы" газетін 95 жылдық мерейтойымен, аудандық "Өскен өңір" газетін 85 жылдық белесімен құттықтады.
Жиын барысында ардагер-журналист, Шиелі ауданының құрметті азаматы Өркен Имсаил баспасөз саласына қатысты өз ой-пікірін ортаға салып, құрмет көрсеткен аудан басшылығына алғысын айтты.
Кездесуде ауданымыздағы жаңалық жаршысына айналған жандарға ақпарат саласындағы еселі еңбектері үшін құттықтау хат табысталды. Одан бөлек, ауданның мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласып, оқырман жүрегіне жол таба білген ардагер-журналистерге сый-құрмет көрсетілді. Мерекелік басқосу соңы аудан өнерпаздарының және журналистердің әншашуына ұласты.