Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР

Аудандық "Сыр Ұланы" тынығу лагері базасында Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен балаларды сауықтыру ұйымдарының санитарлық талаптарға сай болуы жөнінде семинар жұмысы жүргізілді.
Семинардың мақсаты - балаларды сауықтыру ұйымдарына, лагерь асханасына, тағам өнімдерін тасымалдауға, өңдеу, дайындауға, сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен лагерь қызметкерлерін таныстыру.
Балалардың жеке гигиенасы, медициналық тексеріп-қарау, гигиеналық оқытуға қойылатын талаптарымен таныстыру.
Семинарға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау және қадағалау бөлім басшысы Шуахбаева Алма Көшербаевна, жергілікті СӨСҚ саласының дәрігері Аширова Лаура Қасымбековна, аудандық көп бейінді аурухананың инфекционист дәрігері Жуманазарова Индира Болатовна, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы Бөпежанов Талғат Уалиханұлы және де аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары қатысты.
Шара барысында аталған мамандар сала бойынша тиісті ақпараттар ұсынып, талаптарды сақтау жөнінде қатаң ескертті.
Сонымен қатар, тамақтан уланудың алдын-алу жөнінде арнайы буклеттер, плакаттар таратылды.
Шара соңында қонақтар лагерь жұмысымен танысып, қызметкерлер арасында гигиеналық мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетті.
28 маусым 2024 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930