Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘДІЛ СӨЗГЕ БАСШЫЛЫҚ ЕТКЕНДЕР

ӘДІЛ СӨЗГЕ БАСШЫЛЫҚ ЕТКЕНДЕР

1929-1932 жылдар аралығында Төлек Есенкелдіқызы Шиелі ауданында халық соты кызметін атқарды. Ол кісіден кейін заң мүддесін қорғайтын сот саласында қызмет істеген көптеген азамат қоғамның дамуына өздерінің мол үлесін қоса білді.
Көмескі тартқан құжаттардан табылған ақпараттар төмендегіше жалғасады. 1939 жылы Ы.Өтепбергенов, 1942 жылы Жүсіпов, 1944 жылы Құрманғазина, 1951 жылы Балымбетов, 1955 жылы А.Байділдаев, Рахманқұловалар, 1957 жылы Өтемұратов, ал 1958-1962 жылдар аралығында Ахмет Таңатов Шиелі аудандық сот төрағасы қызметін атқарды. 1963-1968 жылдары Мақпалбай Ақпанбетов аудандық соттың аға судьясы болса, 1964-1966 жылдары Шарапат Өміртаев, 1966-1972 жылдары Жақсылық Аяпбергенов аталған салада басшылық қызмет етті. 1969-1971 жылдары Серікбол Қанафиянов, 1973-1979 жылдары Өтеген Жарықбаев, 1979-1982 жылдары Тұңғышбай Оспанов сотта басшылық жасаса, 1982-1984 жылдары Зина Жаңбыршаева, 1984-1985 жыл аралығында Кеңес Сұлтанов сот төрағасы болды. Ал 1986-1991 жылдары Мерғали Ыбыраев, 1991-1996 жылдары Әбдікәрім Елібаев сот төрағасы қызметтерін атқарған екен. Сондай-ақ аудандық сотта ұзақ мерзім судья болып қызмет еткен Серіккүл Тасыбаева мен Абдуллажан Сайдулаевтың еңбектерін айтуға болады. Оның алғашқысы 1985-2002 жылдары Шиелі аудандық сотында қызмет етсе, екіншісі 1992-2002 жылдары өз өмірін осы салаға арнады. 1996 жылдан бастап аудандық сот төрағасы лауазымына бекітілген Тұрмат Баймағанбетов оны 2007 жылға дейін атқарды.
Шиелі аудандық сот төрағасы қызметіне 2007 жылы тағайындалған Сағатбек Сүлейменнің кезінде, яғни 2008 жылы аудандық сот жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Осында төрт жылдан астам уақыт қызмет атқарған С.Сүлеймен аудандық сот төрағасы ретінде мемлекеттік заңдылықтарды сақтаумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Жұртшылықпен тіл табыса білетінінің арқасында үлкен беделге ие болды. Сот ғимаратынан мұражай ашып, онда осы өлкеге қатысты біркатар деректерді де жинақтағаны, оның ішінде сот билігіне белсене араласқан азаматтар жөнінде де көптеген құнды материалдардың табылатыны оның бағасын асыра түседі.
Бұдан кейін аудандық сот төрағалығын 2011-2012 жылдар аралығында Ғайса Алмахан, 2012-2017 жылдары Мұхтар Еркінбеков, 2017-2021 жылдары Күздеубаев Марат атқарған.
Қазіргі таңда Шиелі аудандық соты – облыстағы судьялар құрамы көп (4 құрамды) іргелі соттардың бірі.
Әділ сөздің бүгінгі басшылық қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 желтоқсанындағы №720 Жарлығымен Бекетаев Нұржан Нұрадинұлы атқарып келеді.

Таслима ӘЛІШЕР
Фото: rusday.com
25 маусым 2024 ж. 199 0