Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасында сот жүйесін халыққа қолжетімді, ашық етудің мақсатында біршама жұмыстар атқарылғаны баршамызға мәлім. Сонын ішінде сот жүйесіне еңгізілген заманауи технологиялар құрылым жұмысына серпін беруде.
Мысал ретінде айтар болсақ, сот мәжілісіне қатыса алмайтын, оның ішінде қамаққа алынатын тұлғалардан басқа, сот мәжілісіне қатысушылар «SMART» cот арқылы, оның ішінде өзінің қалта телефонымен бейне бақылау құрылғысымен байланысып, сот мәжілісін өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Қазіргі таңда аталған жоба өз жұмысын жалғастырып, халық игілігіне қызмет етуде.
Сотқа қандайда болсын талаппен жүгінгісі келетін азаматтар интернет желісінен «Сот кабинеті» сервисі арқылы өз үйінен шықпай-ақ талап арызды бере алады. Осы еңгізілген ақпараттық технология шалғайда тұратын азаматтардың қаржыларын және уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік беріп отыр.
Соңғы жылдары сот жүйесіне біршама ақпараттық технологиялар енгізіліп, қарапайым халықтың мүддесіне қызмет атқаруда, яғни сотқа шақыру мәселесі да шешіліп отыр. Егер бұрын сот мәжілісіне қатысатын тұлғаларға арнайы шақырту қағаздарын жазып, оны қолмақол немесе пошта арқылы жөнелтіп, ол баратын жеріне барып болғанша, жауап келгенше біраз уақыт алған болатын. Сот жүйесіне енгізілген жаңа технология уақытты үнемдумен қатар ескі байланысқа нүкте қойды. Енді сотқа шақыру қағазын қолма-қол жазбай-ақ, SMS хабарламаны ұялы телефон нөмірі арқылы бірден азаматтарға жіберіп, сотқа шақыру процесі әлдеқайда жеңілдеді. Енгізілген жаңа технологияның игілігін өзге мемлекеттік мекемелермен байланыс барысында да тиімді пайдаланып отырмыз.
2022 жылдан бастап енгілген «QR-код» пен «Telegram-бот» жобаларын ерекше атап өтуге болады. Уақыт талабы сот саласына заманауи технологияларды енгізу қажеттілігін алып келді. Осы мақсатта биыл қолданыстағы ақпараттық сервистерден басқа, «QR-код» пен «Telegram-бот» жобалары қолданысқа енгізілді. Аталған жобаларды енгізудің мақсаты сот ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа шынайы әрі жедел ақпарат жеткізу, кері байланыс орнату, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту болып табылады.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының соттарының барлығында «QR-код» пен «Telegram-бот» жобалары қолданысқа енгізіліп, тиімді түрде жұмыс жасап отыр.
Еліміздің сот жүйесінің бүгінгі ғылым мен техниканың жетістігін өз тәжіребесіне кеңінен еңгізуі заман талабынан туындаған қажеттілік қана емес, бұл сот төрелігін барынша халыққа ашық әрі қолжетімді ету мақсатында қолға алынған игі шаралардың бірі.
Заманауи ақпараттық технологияны сот жүйесіне еңгізу және оны одан әрі жетілдіру сөзсіз сот билігінің беделін жоғарылатып, халық сенімін арттыруға өз септігін тигізуде.
Сот саласындағы жүргізіліп жатқан тың реформалар мен жаңашылдықтар құқықтық саясаттың басты қағидаттарын басшылыққа алып, мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сай жасақталған сот жүйесі қалыптасып, тұтастай алғанда толыққанды жұмыс атқарып келеді.

З.М.Алимкулова,
Шиелі аудандық сотының бас маман
сот отырысының хатшысы


18 маусым 2024 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031