Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот кабинеті-сервисінің тиімділігі.

Сот кабинеті-сервисінің тиімділігі.

Қазіргі заман бұл электронды технологияның дамыған кезеңі. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану – сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық.
Осылайша, сот жүйесіндегі жаңа технологиялардың қатарына «Сот кабинеті» сервисін жатқызуға болады.
Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі, азамат, оның өкілі, қорғаушы немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, жұмыс орнынан, үйінен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы тәулігіне 24 сағат бойы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады, электрондық түрде апелляциялық немесе кассациялық шағым, өтініштер мен қарсылықтар келтіруіне және сот актісін басып шығарып алуына мүмкіндігін береді. Заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі қарастырылған.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін, Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың «sud.kz» ресми сайтында іске қосылған.
Ол соттың да, сотқа жүгінген азаматтың да уақыты мен жұмысын азайтады, себебі электрондық операцияларға 3-5 минуттан ғана уақыт жұмсалады, бұл азаматтың сот кеңсесіне барып, кезегін күтіп, жолына және құжаттарға қатысты біршама жұмсалған қаражатына қарағанда неғұрлым тиімді екені көз жеткізіп отырмыз.
Сот кабинеті енгізілгенінен бастап, оның ыңғайлылығына байланысты, қоғам тарапынан пайдаланушылардың саны көбеюде.
Жетістіктермен шектеле қоймай, облыстың және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Сот кабинеті» бұрыштары ашылды. Азаматтарда немесе олардың өкілдерінде ғаламтор желісіне қол жетімділіқ болмаған жағдайларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы арнайы жауапты мамандар арқылы талап арыздарды, шағымдарды немесе өтініштерді «Сот кабинеті» арқылы сотқа беруге мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда тұлға сот кеңсесінің мамандарымен қатынаспай, өзіне қажетті іс-әрекеттерді жасайды. Аталған жайт сыбайлас жемқорлыққа бағытталған іс-әрекеттердің туындауына кедергі болатыны анық.
Қорыта келгенде, бүгінгі бәсекелестік заманның талабына сай, жоғары деңгейлі соттың кәсіби біліктілігінің бірден-бір шарты ретінде, қарқынды қадам басып келе жатқан, электрондық ақпараттандыру мен жоғары технологиялардың сот корпусымен бірегей үйлесімділігін айтуға болады.
Шиелі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Оспанов
31 тамыз 2022 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031