Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот кабинеті ақпараттық сервисі арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер

Сот кабинеті ақпараттық сервисі арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер

Осы заманауи ақпараттық технологияларын қолдану нәтиежесінде  сот саласы барынша ашық, әрі  қолжетімді болып табылады,яғни сәтті жүзеге асырылған жүйенің бірі- «сот кабинеті» электрондық қызметі Сот кабинеті сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай  терезе болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта,уйден  немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде  «Сот кабинеті» интернет-сервисі www.sud. kz  арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды)беруге,шағымдар  мен өтініш, хаттарды  жолдауға,сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар. Кейіннен бірыңғай ақпараттық жүйені  біріктірудеІТ  жобасы  аясында құжат айналымы жетілдіріліп,соттарға «Төрелік» ақпараттық жүйесіенгізілді,яғни қазір азаматтар шығарылған шешімдер,ұйғарымдармен  және басқа да қажетті ақпараттармен танысып, құжаттардың көшірмелерін тез алу мүмкіндігі туды.
    «Сот кабинеті» арқылы сақтандыру компаниялары әкімшілік сот қаулыларын еркін алуға мүмкіндіктері қарастырылған. «Сот кабинетінің мобилдік қосымшасы» Іске қосылған мобильдік қосымша көптеген портал сервистарымен сәйкестендірілген. Олар: ұсынылған немесе жіберуді күтудегі құжаттарды қарастыру,сот отрысының қатысушылардың тізбесі; тыңдалатын істердің тізімі;хабарландырулар және т.б. қызметтер көрсетілуде. Ол жеке және заңды тұлғаларға қолайлы болып табылады. Мобильдік қосымша қолданушының тіркеу сервисінің Сот кабинеті веб-нұсқасынан артықшылығы қолданушының тіркеу процессі үшін ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті. Қолданушының көрсетілген  ұялытелефонының нөміріне СМС арқылықосымшада авторлендыру үшін пароль келіп түседі. Сот кабинетінің оңтайлы нұсқасы мобильдік қосымшасы, аталған қосымша «Сот кабинеті» сервисімен үлестірілген,жаңалықтар – бұл сервис Қазақстан Республикасының Сот жүйесінің хронологиялық тәртіпте жаңалықтарын көруге мүмкіндік береді. Сот кабинетіне кіру үшін.Халыққа  қызмет көрсету отралығынан электрондық цифрлық қолтаңбаалу қажет. Жеке тұлғалар және олардың өкілдері,заңды тұлғалардың өкілдері сотқа электронды нысандарды толтыру арқылы беруге құқылы.Ол үшін  аталған тұлғаларға «Сот кабинеті» сервисінде тңркелу қажет.
        «Сот кабинеті» сервисінде авторлану ЖСН немесе БСН және пароль арқылы  жүзеге асырылады. Құжаттарды заңды тұлғаның өкілі берген кезде авторлану БСН,жеке тұлғалар ЖСН арқылы жүргізіледі. «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпыға қолжетімді. http.//office.sud.kz/адресінде «Сот кабинеті» сервисі бойынша түсіндіру анықтамасы,нұсқаулық енгізілгенін хабарлайды.Сонымен қатар сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Сот актілерінің банкі» қызметі іске қосылады,бұл қызмет сот актілерін іздеу тәртібін жеңілдетеді,оны www.sud.kz  арқылы электронды түрде жүзеге асыруға болады.

Д.Тайыров ,
Шиелі аудандық сотының
жетекші маманы.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031