1-сыныпқа баратын балаңызды электронды түрде тіркеуге болады
1-сыныпқа баратын балалардың құжатын электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы e.astana.kz жүйесімен онлайн режимінде жіберу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Портал 24/7 режимінде жұмыс істейді, сондықтан ата-аналар үйде немесе жұмыста отырып, мектепке құжат тапсыра алады.
Өтінішті тіркеу үшін e.astana.kz сайтына кіріп, байланыс және басқа да қажетті деректерді толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек.
Электрондық жүйе екі тетік арқылы қолжетімді:
1. Мекен-жай бойынша қабылдау
2. Қалаған мектеп бойынша қабылдау
Сізде компьютер немесе интернет желісі жоқ болған жағдайда, ЭЦҚ кілтіңізбен бірге жақын орналасқан мектепке келіп көмек алсаңыз болады. Ал егер ЭЦҚ кілті жоқ болса, құжатты қағаз жүзінде тапсыруға болады.
1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін мекен-жай туралы ақпарат қажет емес.
Қажет болатын құжаттар тізімі:
1) ата-аналардан немесе баланың басқа заңды өкілдерінен түскен өтініш (құжаттарды қағаз жүзінде тапсырған жағдайда);
2) баланың ту туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 формасы);
4) 3x4 фотосурет 2 дана.
Мектеп 6 және 7 жастағы балаларды қабылдайды, дегенмен осы жылы яғни, 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда 6 жасқа толатын балаларды да қабылдау мүмкіндігі бар екендігін ескертеміз.
Baq.kz