«Электронды үкімет» – қолжетімді үкімет
Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі күні электрондық жүйеге көшу аса маңызды болып отыр. Бұл ретте мемлекет пен қарапайым халық арасында байланыс орнатуды жеңілдету үшін электронды үкімет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, оларды электронды форматқа көшіру жұмыстарын дамыту шаралары жалғасуда. Бүгінге дейін жұртшылыққа ыңғайлы бірқатар жобалар іске асып та үлгерді.
«Электронды үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар, онлайн режімде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс. Елімізде электронды үкімет құру идеясы 2004 жылғы 10 қарашада Тұңғыш Президент Жарлығымен бекітілді.
«Электронды үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар, онлайн режімде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс. Елімізде электронды үкімет құру идеясы 2004 жылғы 10 қарашада Тұңғыш Президент Жарлығымен бекітілді.
Осыдан кейін электронды үкіметті қалыптастыру және дамытудың төрт негізгі кезеңі бекітілді. Бірінші кезең – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпараттармен толықтырылды. Бұл кезеңде әрбір қазақстандық қажетті бүкіл ақпаратты – қажет құжаттар тізімін, мемлекеттік БАЖдың көлемін, мемлекеттік органның байланыс мәліметтерін портал арқылы алуға қол жеткізді. Екінші кезең – интерактивті кезең, яғни порталда электронды қызметтер көрсетіле бастады. Порталды пайдаланушыларға үйде отырып-ақ мекемелерден анықтамаларды алуға, кез келген мемлекеттік органға сұраныс жасауға және олардың жағдайын бақылауға мүмкіндік туды. Электронды үкімет порталында интерактивті қызметтерді енгізу құжаттар пакетін жинауға кететін уақытты бірнеше есе қысқартты. Электронды үкіметтің дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік салымдар мен төлемдерді, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік алды. Егер бұрын қызметтерді төлеу үшін банкке бару қажет болса, онда қазір қызметті онлайн алуға және төлеуге болады. Электронды үкіметтің төртінші кезеңі – трансформациялық кезең. Бұл кезеңнің басты мақсаты – азаматтарға қызмет көрсетуде жеделдік таныту. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивті және транзакциялық сервистер кешенді қызметтерге біріктірілуде.
Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын осы электронды үкімет жүйесі арқылы тапты. Мұның тиімді жақтары айтарлықтай. Қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімді етеді және шығынның аздығымен әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді. Үкіметтік ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне елеулі ықпал ете алады.
Үкімет ұсынған қызметтерді халық ақпарат алмасудың жылдамдығы арқасында тез меңгеруде. Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі. Ал электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық. Үкіметтің бүгінгі ұсынып отырған электронды қызметтерін жұртшылық электронды цифрлық қолтаңба арқылы алады. Қазір елімізде электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы жұмыс жасайды. Аталған порталда мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына қол жеткізуге болады. Бүгінде www.e.gov.kz порталында экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде екі мыңнан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әртүрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Мәселен, цифрлық қолтаңба арқылы кез келген тұрғынның мемлекеттік органдардан анықтамалар алуға, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға (егер сіз заңды тұлға болсаңыз) немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдануға («Виртуалды қабылдау»), коммуналдық қызметтерді төлеуге, мекен-жай анықтамасын алуға мүмкіндіктері бар.
Порталдағы барлық қызметтерді қолдану үшін азаматтарда алдымен электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Электронды сандық қолтаңба портал арқылы, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін өте қажет. Бұл ыңғайлы, әрі қолжетімді. Электронды Үкіметтің қарапайым халық үшін тиімді, әрі қолжетімді екенін бөлім қызметкерлері еgov.kz порталының барлық мүмкіндіктері арқылы көрсетіп бере алады.
Мемлекеттік қызметтерге электронды түрде қол жеткізудің мақтанышпен айтатындай артықшылықтары бар. Ең басты ерекшеліктерінің бірі – уақыттың үнемделуі. еgov.kz порталының мүмкіндіктерін пайдалану үшін үйден және жұмыс орнынан арнайы сұранудың мүлдем қажеті жоқ. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2014 жылы eGov мобильдік қосымшасы пайдалануға берілген болатын. Мобильдік қосымшаның көмегімен азаматтар медициналық ұйымға тіркеуге тұра алады, шет елге шығатын кезде өз есімін борышкерлер реестрінде тексере алады, некеге тұруға электронды түрде өтініш қалдыра алады. Қазіргі кезде eGov мобильдік қосымшасы арқылы төлемдерді қосқанда 83 қызмет түрі мен сервистер қолжетімді. 2017 жылдың басында eGov мобильдік қосымшасы «The world Government Summit» халықаралық саммитінде ең үздік және озат қосымша атанып, «First World Govtechineers Race-2017» премиясымен марапатталған болатын.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін көптеген мемлекеттік органдардың – ақпарат иелерінің деректер қорындағы мәліметтер пайдаланылады. Азаматтар электронды үкімет порталына белгілі бір қызметті алуға сұрау салған кезде жауап мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі дерекке сәйкес құралатынын еске сала кеткен жөн.
А.Асанов