Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Еліміздің сот саласында енгізіліп жатқан ақпараттық-технологиялар сот жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда жоғары көрсеткіштерге ие болып, жұмыс сапасының артуына септігін тигізіп келеді.
         Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауи сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялармен ауқымды цифрландыруға көшу ­жолдары жайлы, сот отырыстарында аудио-бейнежазба құралдарының қолданылатыны, барлық сот отырысы залдарының аудио – бейне - жазба құралдарымен қамтылғандығы технологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды.
        Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сот ісін жеңіл­детуге, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретіндігін, азаматтар мен заңды тұлғалардың сот жүйесіне қол жетімділігінің артуына мүмкіндік беріп отыр.

2022 жылдан бастап енгілген «QR-код» пен «Telegram-бот» жобаларын ерекше атап өтуге болады. Уақыт талабы сот саласына заманауи технологияларды енгізу қажеттілігін алып келді. Осы мақсатта биыл қолданыстағы ақпараттық сервистерден басқа, «QR-код» пен «Telegram-бот» жобалары қолданысқа енгізілді. Аталған жобаларды енгізудің мақсаты – сот ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа шынайы әрі жедел ақпарат жеткізу, кері байланыс орнату, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту болып табылады.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының соттарының барлығында «QR-код» пен «Telegram-бот» жобалары қолданысқа енгізіліп, тиімді түрде жұмыс жасап отыр.

Шиелі аудандық сотының бас маман
          сот отырысының хатшысыЗ.М.Алимкулова
01 наурыз 2023 ж. 312 0